Антиплагиат және көшірмелер
Антиплагиат және көшірмелер
Редакцияға жолданған мақалалар «Антиплагиат. ВУЗ» жүйесі арқылы тексеріледі. Көптеген көшірмелер анықталған жағдайда, редакция Баспа этикасы комитетінің (Committee on Publication Ethics) ережелеріне сәйкес әрекет етеді.
Мақаланы тексерудің оңтайлы көрсеткіші мәтіннің түпнұсқалығының кемінде 80% құрайды. Бұл шекті мәннен төмен көрсеткіштер көшіру, сілтеменің рәсімделуі, плагиат және өзінің бұрынғы еңбектерінің сілтемесі (автоплагиат) бойынша жеке-жеке зерттеледі.
Бөтен еңбектерден плагиат, басқа адамдардың мәтіндерін пайдалану, сілтеме жасамай автордың сөзін көшіріп алуға жол берілмейді. Мұндай жағдайлар анықталса, редакция өз шешімі туралы авторды хабардар ете отырып және хатқа жүйе есебін қоса отырып, мақаланы ары қарай қараудан бас тартуға құқылы.
Егер көшіруді анықтау жүйесі плагиатты қате көрсеткен болса немесе кері плагиат жағдайы болса (автор мәтіндері жүйе есебінде көрсетілген дереккөздерден алынған) автор редакцияның шешіміне шағымдануға құқылы. Бұл ретте автор өз өтінішіне оның табылған кері плагиат фрагменттерінің авторлығын дәлелдейтін өз еңбегінің одан бұрын сканерленген көшірмелерін қоса беруі керек.
Өзінің бұрынғы еңбектеріне сілтеме – мақала мәтінінде бұрын басқа еңбектерде жарияланған өз мәтінінің үзінділерін пайдалану мына жағдайларда қабылданады:
өз мәтініңіздің 80%-ына дейін – өткізілгеніне 2 жыл аспаған конференция материалдарының жинағында жарияланған баяндаманың мәтінінен алынған болса;
өз жарияланымдары мәтінінің 30%-ына дейін (басқа немесе сол басылымдағы мақала, монография) жарияланғанына 10 жыл аспаған мақаладан алынса;
Авторлар өз диссертациялық мәтіндеріне сілтеме жасау мәселелері бойынша журнал редакциясы COPE жалпы ережелерін басшылыққа алады. Өзіне сілтеме жасаған кезде автор міндетті түрде қорғаған жылын көрсете отырып, диссертациясының мәтініне сілтеме беруі керек.