«Тоқырау дәуірінде» Қазақстанда ұлттық саясатты іске асырудың ерекшеліктері туралы сұраққа: 1965-1985 жж.


Қаралымдар: 119 / PDF жүктеулері: 398

Авторлар

  • Зауреш Г. Сақтағанова
  • Гульнар М. Байгожина

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-137-4-107-122
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Бұл мақалада жалпы үрдістер, сондай-ақ отандық тарихнамада «Брежнев дәуірі» деп аталатын 1965-1985 жылдар аралығындағы Қазақ КСР-інде кеңестік ұлттық саясатты іске асырудағы ерекшеліктер қарастырылады. Аталған зерттеудің мақсаты Қазақ КСР-де қаралып отырған кезеңде жүргізілетін кеңестік ұлттық саясатты зерделеу, оңың өзіне тән ерекшеліктерін, іске асыру проблемаларын анықтау және оның ұлттық жергілікті қазақ халқы үшін және тұтастай алғанда Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы үшін салдарын анықтау болып табылады. Авторлар алғаш рет ғылыми айналымға кейбір мұрағаттық материалдарды 929, 1890 ф., соның ішінде Қазақ КСР партия аппаратының номенклатуралық құрамы бойынша статистикалық деректерді ұлттық белгісі бойынша бөле отырып, әртүрлі деңгейлерде, сондай-ақ жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқитындарды ұлты мен ғылыми қызметкерлердің ұлттық құрамы бойынша 1960 – 1970 жылдары бөле отырып енгізеді. Осы мақаланың жаңалығы авторлар мұрағаттық деректерді, сондай-ақ осы мәселе бойынша отаңдық және шетелдік зерттеу материалдарын талдау негізінде Қазақ КСР партия аппаратында кадр мәселесін әр түрлі деңгейде шешу, Ұлттық қағидат бойынша зияткерлік, мәдени және білім беру әлеуетін қалыптастыру ерекшеліктерін анықтауға талпыныс жасағандығында. Авторлар Қазақстандағы кеңестік ұлттық саясат белгіленген кезеңде қарама-қайшылықты сипатта болды және қазақ халқының ұлттық дамуы үшін жағымсыз салдарлар әкелді деген қорытындыға келді. Бұл көп жағдайда Қазақстан басқа одақтас республикаларға қарағанда қазақ тілі мен мәдениетін дамытуға нұқсан келтіре отырып, «халықтар достығы зертханасына» айналғанына байланысты болды. Ұлтшыл қазақ зиялылары қоғамдық және партиялық ұйымдар тарапынан қуғын-сүргінге және қудалауға ұшырады. «Кеңес халқы» жобасын интернационализациялау және іске асыру дәстүрлі репрессиялық, командалық-әкімшілік әдістерге айналды, бұл қазақ халқы арасында қарсылық пен наразылық сезімдерін тудырды

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-12-30

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР