Көшпелі түркімендердің органикалық интеллектуалы Отман Баба


Қаралымдар: 50 / PDF жүктеулері: 77

Авторлар

  • Өзбек Синан Коджаэли университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-136-3-160-175

Кілт сөздер:

органикалық интеллектуал; ахилер; шөгілген интеллектуалдар; шейхтар; ғұламалар; түрікмен-йөруктер; абдалан-й-румилер; фүтүбет әдебі.
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Мақалада Осман империясының қоғамдық құрылымы органикалық интеллектуал тұжырымдамасы бойынша үш топқа жіктеліп, оларға салыстырмалы талдаулар жасау арқылы зерделенген. Отман баба бейнесін талдау арқылы көшпелі түркілердің интеллектуалдық ерекшелігі айқындалған. Осман империясы кезіндегі қоғамда үш негізгі бағыттағы топқа сәйкес келетін, үш түрлі көзқарастағы зиялы топтар болғанын  айтуға болады. Біріншісі бұл билеуші топтың интеллектуалдары еді.Бұл дербес блоктың зияткерлері, алғашқы күндерден шейхтар ретінде танылған,  исламның суниттік бағытын ұстанушылар болды. Бұл зияткерлер тарихи трансформациядан өтіп, ғұлама ретінде қалыптасты. Екінші бір зияткерлер тобы ретінде, ең кең таралған топ қалалық қолөнершілерді және осы сала жұмысшыларын танытушы ахилерді айтсақ болады. Ахилердің идеологиясын түсіндіру қиын, бұлар тек ислам дініндегілер  және біршама исламның суниттік бағыты деуге болады.Үшінші зияткерлер тобы болса қоғамдағы ең төменгі қабатқа жататын көшпелі түрікмендердің (иөрук) интеллектуалы болған абдалдар еді. Әртүрлі көзқарастағы үш негізгі топ зияткерлері  ерекшеліктерін органикалық интеллектуал ұғымы арқылы түсіндіруге болады. Көшпелі түрікмендердің органикалық интеллектуалын түсіндіретін ең жақсы мысал ретінде Отман Баба бейнесін айтуға болады. Өкінішке қарай, бұрын бұл тұрғыда шейх Бедреддин саналатын. Османдық үстемдікке ие болған блоктың зияткерлері бір салмақты құбылыс ретінде республика дәуірінде де өз болмысын жалғастырған еді. Мен бұл интеллектуалдарды  шөгілген, тортасы алынған интеллектуал ұғымымен анықтаймын.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ