Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қысқы және жазғы каникул кезіндегі Қарағанды облысының балаларына арналған сауықтыру іс-шаралары


Қаралымдар: 75 / PDF жүктеулері: 71

Авторлар

  • Зауреш Г. Сактаганова E. A. Buketov Karaganda State University
  • Жанара К. Абдукаримова Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-135-2-63-78

Кілт сөздер:

балалар; кеңестік балалық шақ; сауықтыру кампаниялары; Пионер лагерлері; балалар үйлері; каникул; Қарағанды облысы; Ұлы Отан соғысы.
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Мақалада 1941-1945 жж. Қазақ КСР сауықтыру кампаниялары қарастырылады. Мақаланың мақсаты Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мектеп оқушыларының демалыс күндерінде Қарағанды облысының балаларына арналған сауықтыру кампанияларына зерттеу жүргізу және оған талдау жасау, сонымен қатар  соғыстың балалардың денсаулығына ықпалын қарастыру болып табылады. Авторлар Қарағанды облысының мемлекеттік архивінің, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің, сондай-ақ Ресей Федерациясы мемлекеттік архивінің деректерін ғылыми айналымға енгізеді. Қазақ КСР-де сауықтыру науқандары бойынша кестелер келтіріледі, республикада жоспарланған және нақты орындалған балаларды сауықтыру түрлеріне талдау, сондай-ақ республиканың облыстары бойынша жоспардың орындалмау немесе асыра орындалмау себептеріне талдау жасайды. Бұл зерттеудің жаңалығы-авторлар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар күнделікті өмірінің аймақтық аспектісіне жүгінеді. Бүгінгі күні қысқы және жазғы демалыс кезінде балаларды сауықтыру бойынша өткізілетін науқандардың маңыздылығын көрсететін осы мәселе бойынша арнайы зерттеулер жоқ. Балаларды сауықтырудан басқа, демалыс уақытында балалар ортасында қадағалаусыздықты болдырмау бойынша осы науқандардың маңыздылығы атап өтіледі, өйткені балалардың көпшілігінің ата-аналары таңертеңнен кешке дейін жұмыста болған және өз балаларының бос уақытын ұйымдастырумен айналысуға физикалық мүмкіндігі болмаған. Соғыс жылдарында қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлық қиындықтар болғанына қарамастан, ел басшылығы бүгінде жас азаматтардың денсаулығына қамқорлық жасау ертеңгі табыс пен тұрақтылықтың кепілі екенін түсініп, балаларды сауықтыру шараларын қабылдады. Осындай шаралардың бірі Пионер лагерлерінің, сауықтыру алаңдарының, санаторий үлгісіндегі лагерьлердің, әскерилендірілген лагерьлердің жұмысы, саяжайларға шығару, күшейтілген тамақтану сияқты қызмет түрлерін қамтитын сауықтыру науқандары болды, оған мектеп оқушылары, балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің тәрбиеленушілері, бөбекжай мен балабақшаға барған балалар қатысты. Ұйымдастырушылық сәттердің барлық қиындықтары мен кемшіліктеріне қарамастан, сауықтыру науқандары Ұлы Отан соғысы кезіндегі Кеңес балаларын сауықтыруда оң нәтиже берді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР

Most read articles by the same author(s)