Кеңестік мемлекет құру: ұйымдастыру практикасы және федерализм мәселелері. 1920-жылдар.


Қаралымдар: 44 / PDF жүктеулері: 29

Авторлар

  • Дина А. Аманжолова РҒА Ресей тарихы институты

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-134-1-22-35

Кілт сөздер:

КСРО; РСФСР; ұлттық саясат; БОАК ұлттар бөлімі; ұлттық құрылыс; кеңестік федерализм; автономия; басқару.
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Мақалада БОАК (Бүкілресейлік Орталық Атқарушы Комитет) ұлттар бөлімінің қызметі туралы жаңа дереккөздің мысалындағы 1920 жылдары кеңестік ұлт құрылысы мен федералды жүйенің қалыптасуының кейбір мәселелері талданады. БОАК ұлттар бөлімінің қызметі (1919-1937 жылдары жұмыс істеді) РСФСР-де ұлттық саясатты жүзеге асырумен тікелей байланысты болды, дегенмен, ол кеңестік ұлттық-мемлекеттік құрылысты басқару жүйесінде бағынышты орынға ие болды. КСРО-ның құрылуы кезінде және ұлттар істері жөніндегі Халық Комиссариаты жойылғаннан кейін, бұл өз тәжірибесінде КСРО мен РСФСР көп этникалық кеңістігіндегі биліктің модернизациялық күш-жігерімен байланысты интегративті ұйымдастырушылық-әкімшілік, әлеуметтік-мәдени және басқа функцияларды жинақтаған бөлім болды. КСРО-ның ең ірі республикасының жоғары билік атқарушы органының бөлігі ретінде бөлім жергілікті атқарушы органдардың ұлттық мәселелер бойынша жұмысын ұйымдастырудың көптеген жедел және жоспарлы мәселелерін шешумен, елордадағы автономия өкілдіктеріне көмек көрсетумен, ұлттық құрылыс мәселелері бойынша нормативтік актілер дайындаумен, автономияларға тікелей әкімшілік, қаржылық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени қолдау көрсетумен айналысты. Орталық пен автономияның өзара қарым-қатынасына мән берді, бұл ретте ұлттар бөлімінің міндеттері орталықта және өңірлерде түрлі ведомстволармен ынтымақтастықта делдалдық функцияларды орындауды талап етті. Автор 1926-1927 жылдары БОАК ұлттар бөлімі мен оның жетекшісі С.Д. Асфендиаровтың жұмысы аясында, бірқатар автономия басшыларының федерацияның әртүрлі субъектілері арасындағы қатынастарды реттеу, бүкілресейлік және Бүкілодақтық мемлекеттік құрылыс процесі туралы маңызды пікірталастар мен үндеулер болған кезде ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бірқатар іргелі мәселелеріне назар аударады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР