XIX-XX ғғ. шегіндегі қала және зиялы қауым (тарихнамалық аспект)


Қаралымдар: 83 / PDF жүктеулері: 68

Авторлар

  • Г. Сұлтанғазы М.S. Narikbaev atyndagy KAZGUU Universiteti

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-134-1-107-119

Кілт сөздер:

Қазақстан тарихнамасы; Ресей тарихнамасы, ұлттық интеллигенция; ұлттық интеллигенция қызметі, қала; қалалық орта; қалалық кеңістік, қоғамдық қызмет, урбан - тарих, күнделікті тарих.

Аңдатпа

Зиялы қауымның саяси және шығармашылық күш ретінде құрылуы мен қалыптасуы қалалық ортаның ықпалынсыз болған жоқ. Қазақ зиялыларының қала кеңістігіне интеграциялануы қаланың өзінің де, интеллигенцияның да және оның мінез-құлық үлгілерінің де нәтижелі өзгерістеріне әкелді. Әлеуметтік топтар мен институттардың дамуына қалалық кеңістіктің әсер ету факторларын, атап айтқанда ұлттық зиялы қауымның сапалық сипаттамаларын, олардың қалалық ортаға бейімделу процестерін зерттеу гуманитарлық ғылымдардың, оның ішінде тарихи ғылымның маңызды міндеті болып табылады. Қазіргі заманауи қазақстандық тарихнама еуропалық және ресейлік урбан тарихының нәтижелерін игеру парадигмасында тұр. Бұл мақалада қалалық мәселелерді дамыту тұрғысынан осы бағыттағы тарихнамалық жағдай қамтылады. Бұл мақалада XIX-XX ғғ. шегіндегі қаланың және қазақ зиялыларының өзара әсері тақырыбы бойынша тарихнамалық жинақтау әрекеті жасалған. Қала идеялар мен инновациялар туындайтын көп функционалды кеңістік бола отырып, көріністі ғана емес, сонымен бірге дүниені қабылдауды да өзгертеді. Ұлттық интеллигенцияның шығармашылықпен ғана емес, ең алдымен қоғамдық белсенділікпен байланысты қызметі Қазақстанның дамуын практикалық болмаса, тұжырымдамалық тұрғыдан анықтады. Бүгінгі таңда қазақстандық тарихнама қаланың, зиялы қауымның, казактардың және көпестердің тарихы бойынша жеке зерттеулерде ұсынылған. Сонымен қатар, Қазақстан халқы мен қаланы күнделікті өмір тарихына бағытталған тұрақты өзара іс-қимыл мен өзара ықпалдастықтағы біртұтас күрделі дүние ретінде қарастыратын еңбектер жеткіліксіз. Тарихи-генетикалық зерттеу әдісі аталған мәселенің дамуындағы проблемаларды қарастыруға және заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Тарихи-салыстырмалы әдісті қолдану қазақстандық тарихнаманың дамуындағы айырмашылықтарды көрсетті.  Тарихи тұрғыдан қалалық ортаны кешенді зерттеу қоғам мен мемлекетте болған өзгерістердің табиғатын, сондай-ақ қазақ зиялыларының уәждері мен ұмтылыстарын түсінуге мүмкіндік береді. Нәтижелердің бірі – кеңестік және қазақстандық тарихнаманың ортақ заңдылықтарын анықтау болды, себебі бұл тақырыптар аясында қала мен зиялы қауым зерттеу нысандары бола отырып, тығыз байланыста және өзара ықпалдастық аясында қарастырылмаған. Көрсетілген мәселелерге кеңестік және қазіргі кезеңдегі зерттеушілер тарапынан тиісті назар аударылмады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сұлтанғазы, . Г. (2021). XIX-XX ғғ. шегіндегі қала және зиялы қауым (тарихнамалық аспект). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 134(1), 107–119. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-134-1-107-119

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР