Фараб оазисіндегі Оғыз мемлекетінің саяси орталықтары
Қаралымдар: 72 / PDF жүктеулері: 65
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-132-3-55-67Кілт сөздер:
Фараб оазисі; Орта Азия; Сырдария; Оғыз мемлекеті; орта ғасыр; ортағасырлық қалалар.Аңдатпа
Ерте ортағасырларда Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде қала мәдениеті қарыштап дамыған. Сырдария өзенінің орта ағысындағы отырықшылық пен көшпелі мәдениеттің астасып жатқан жерінде көптеген ұлт тайпалар мекеніне айналған. Ортағасырда құрылған көптеген мемлекеттер егіншілігі, сауда-саттығы дамыған қала мәдениеті өркендеген Сыр алабындағы жерлерді өздерінің құрамына қосып алуды көздеген. Саманит, Қарлұқ, Қарахан мемлекеттері бұл жерлерге өз үстемдіктерін орнатып қала мәдениетін дамытуға ден қойған. Оғыз тайпалары Сырдың орта ағысындағы жерлерді жаулап алып үлкен держава негізін қалағанда, қала мәдениетінің мемлекеттің өсіп-өркендеуіне үлкен қозғаушы күш ретінде қабылдаған. X ғасырда Сырдың орта ағысындағы жерлерді өзінің қарамағына бағындырған оғыз мемлекеті, өз державаларын нығайту мақсатында және жаулап алған жерлерді басқару тиімділігін арттыру мақсатында Фараб оазисіндегі бірнеше қалаларды өздерінің саяси орталықтарына айналдырған. Оғыз билеушілері қала мәдениеті дамыған Сыр бойындағы қалаларды күйретпеген, қайта олардың дамуына өз үлестерін қосқан. Ортағасырлық араб, парсы жазба деректерде Оғыз мемлекеті туралы айтылғанда олардың саяси орталықтары Сырдың төменгі ағысындағы қалалар айтылады. Жаңадан қалыптасқан Оғыз мемлекеттің саяси орталығы Жаңа-қала (Дих-и-нау, Шахркен) Жанкент қаласы көп айтылады. Сырдың орта ағысында орналасқан оғыз қалалары туралы деректер өте аз қамтылғандықтан, аталған тақырып аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Оғыз мемлекетінің саяси орталықтарын анықтап ғылыми айналымға енгізуді жөн санадық. Мақалада оғыз мемлекетінің саяси орталықтарына, қалаларға байланысты жазба деректерге, археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне тоқтала отырып, Оғыз мемлекеті тұсындағы қалалардың құрылымына ғылыми талдау жасалынып, орталықтардың маңыздылығы анықталды.