Қазақстанда кеңестік-сталиндік кезеңде жүргізілген саясатты тарихи тұрғыдан пайымдау


Қаралымдар: 94 / PDF жүктеулері: 144

Авторлар

  • Э. Хайтоглу Памуккале Университетіні
  • А.Ж. Архыматаева Памуккале Университетіні

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-132-3-68-83

Кілт сөздер:

Кеңес үкіметі; сталиндік саясат; социализм; индустрияландыру; жаппай ұжымдастыру науқаны; совхоздардың құрылуы; ауқатты шаруалардың мал-мүлкін тәркілеу.
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Қазақстан Республикасындағы елдің тарихи дамуының маңызды оқиғаларын қамтитын ғылыми аспектілердің бірі "Ұлы қуғын-сүргін жылдары" атанған ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Кеңес үкіметінің жүргізген  сталиндік саясаты тарихы болып табылады.  Мақалада,  Сталин билік құрған  жылдары Кеңестер билігінің Қазақстандағы бүкіл дәстүрлі құрылымды жою, қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық формаларын әлсірету мақсатындағы шаралары, елді өнеркәсіптендіру саясаты атанған индустрияландыру, жаппай ұжымдастыру науқаны және колхоз-совхоздардың құрылуы,  ауқатты шаруалардың мал-мүлкін тәркілеу саясаты мен демографиялық шығын мәселелері түрлі зерттеулер мен тарихи деректер негізінде жазылған.   Кеңестік кезеңде экономиканың, саяси жүйенің, мәдениеттің түбегейлі әр түрлі идеологиясына негізделген қоғамның социалистік құрылымын құру, қазақ қоғамының менталитетіндегі, бұрын-соңды болмаған ауқымды және екіұштылық салдарымен жүзеге асырылды. Осы ерекше  тәжірибені зерделеуге еуразиялық мультимәдени кеңістіктің әлеуметтік трансформациясының жалпы тенденцияларын, модернизация мен дәстүрді түсіну қажеттілігі туындайды. Ғылыми білімнің қазіргі жағдайы қазақ тарихын жаңа концептуалды түсінуді және таңдалған кезеңнің көптеген оқиғаларын нақтылауды қажет етеді. Қазақстан Кеңестер бірлігі құрамында жаңа саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени қайта құрудың ең қиын жолынан өтті.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР