Қазақ-түрік байланыстары тарихының бастапқы дереккөздері


Қаралымдар: 110 / PDF жүктеулері: 81

Авторлар

  • Д.Р. Айтмағамбетов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • М. Гиритлиоглу Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Х. Турсун Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-133-4-24-32

Кілт сөздер:

қазақ-түрік байланыстары; Қазақ хандығы; Осман сұлтандығы; Қайып хан; қазақ елшілігі; Мұстафа Шоқай;

Аңдатпа

Түркі халықтары тарихы әлемдік тарихи ойдың шеңберінде қалыптасты. Дүниежүзі тарихының мазмұнын құрылымдауда европоцентризм тұжырымдарының үстемдік етіп келгендігін ескерер болсақ, түрік өркениетінің өзіндік ерекшеліктері болғандығы да ескерілуі қажет. Мұндай зерттеудегі мақсат түркі тарихын әлемдік тарихтан ерекшелендіруді емес, керісінше оның құрамында қалыптасқан түркі халықтары тарихының шынайы мазмұндалуына назар аударылуды көздейді. Мақалада қарастырылған қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихи алғышарттарын айқындау басты мақсат болып белгіленді. Өйткені, тәуелсіздік жылдары қалыптасқан қазіргізаманғы қазақ-түрік байланыстарынының бағыт-бағдарларын белгілеуде ортағасырлардан басталған туыстық байланыстардың деректік негіздерін айналымға ұсынудың ғылыми маңызы ерекеше. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдары барынша жақын ықпалдастық орнықтарған мемлекеттерінің алдыңғы қатарында Түркия Республикасы тұрғаны белгілі. Мақалада қазақ-түрік байланыстары тарихының ерте кезеңіне қатысты дереккөздерге талдау жасалады. Мұрағат деректеріне талдау жасай отырып, екі елдің арасында қалыптасқан достық, стратегиялық әріптестіктің тарихи алғышарттары туралы тұжырымдар жасалған. Қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихын ғылыми қалпына келтірудің басты шарттарының бірі-оның ғылыми дерекөздер кешеннің болуы. Ғылыми, объективті ақпараттар мен мәліметтерді қамтыған дереккөздер тарих мазмұнын қалпына келтірумен қатар тарихи оқиғалар мен құбылыстарды түсіндірудің басты құралы болып саналады. Қазіргі кезде Түркияның архивтерінен қазақ-түрік байланыстарын айғақтайтын деректер табылып ғылыми айналымға ұсынылуда. Ол деректерді тақырыптық, хронологиялық және жанрлық тұрғыда топтастыруды қажет етеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Айтмағамбетов, Д. ., Гиритлиоглу, М., & Турсун, Х. (2020). Қазақ-түрік байланыстары тарихының бастапқы дереккөздері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 133(4), 24–32. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-133-4-24-32

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР