Күнделікті өмірдегі депoртация үрдісі: Шығыс Қазақстан өңірі бойынша деректер және материалдар
Қаралымдар: 67 / PDF жүктеулері: 192
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-133-4-42-62Кілт сөздер:
мұрағат құжаттары; этнос; депортация; шешендер; немістер; арнайы қоныс; Шығыс Қазақстан облысы;Аңдатпа
Орталық мемлекеттік мұрағат және Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының (Алматы), Шығыс Қазақстан облысының (Өскемен, Семей, Аягөз) өңірлік мұрағаттарында сақталған, зерделенген құжаттық көздерінің негізінде Шығыс Қазақстан облысының аумағына депортацияланған халықтардың: немістер, шешендер, ингуштар және т. б. халықтардың күнделікті тұрмысының шынайы көрінісі туралы осы мақалада қарастырылған. 1930 жылдардың соңында депортацияланған халықтар аудандарға арнайы қоныстануға ("арнайы қоныстанушылар", "арнайы қоныс аударушылар"деген атау осыдан шыққан) жіберілді. Мұндай аумақтардың қатарына Қазақстан да кірді. Туған жерлерінен мәжбүрлеп шығарылған халықтар ресми түрде толыққанды кеңес азаматтары мәртебесін сақтап қалды, бірақ көшіп-кону және тұрғылықты жерді еркін таңдау құқықтары болмады. Мұрағаттағы құжаттар арнайы қоныс аударушылардың күнделікті өмірін көрсете отырып, қоныстандыруда және оларды жаңа мекендерге орналастыру барысында кездескен қиындықтар мен туындаған мәселелерді көрсетіп, тақырыптың әртүрлі аспектілерін ашуға жол берді. Дереккөздерді зерттеп, жүйелеу кезінде қоныс аударушылардың нақты сандары мен қоныстану үрдісі және олардың шаруашылық-тұрмыстық өмірі мен енбекпен қамтамасыз ету жолдарын анықтауға мүмкіндік болды. Құжаттарды талдауда арнайы қоныс аударушыларды жаңа елді мекенге көшіріп орналастыруда біраз қиындықтар туындағанын көрсетті, әсіресе әлеуметтік және демографиялық салаларда жағымсыз салдарға әкеп соқтырды. Депортацияланған халықтардың жағдайы шаруашылық-тұрмыстық және еңбекпен қамтамасыз ету бойынша қабылданған іс-шараларға қарамастан ауыр болды. Халықтарды депортациялау үрдісі этникалық топтардың материалдық және рухани мәдениетінің орны толмас күйреуіне себепші болды, адамдардың әлеуметтік жағдайы мен өмір сүру деңгейі төмендеді. Бірақ, жергілікті халықтың қолдауымен көшіп келген халықтар жаңа жағдайларға бейімделіп, қиын кезеңде өлкенің экономикалық дамуына өз үлестерін қосты. Мақалада аймақтық мұрағаттық құжаттарға мұқият талдаулар жасалынды, сол талдаудың негізінде зерттеуде қойылған міндеттерді шешуге және тиісті қорытынды жасауға мүмкіндік берді
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2022 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.