Азияның мәдени байланыстары контексіндегі Қазақстанның қола дәуірі


Қаралымдар: 79 / PDF жүктеулері: 45

Авторлар

  • М. Педрацки Варшава университеті
  • Г. Букешева Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • М. Хабдулина Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-130-1-50-63

Кілт сөздер:

протоқалалар, өркениет, Қазақстан, синташта-петровка, Ежелгі Шығыс, қола дәуірі, үнді-арийлер, арбалар, ‘Maryannu’.

Аңдатпа

Ежелгі Шығыс өркениетінің тарихында Қазақстанның қола дәуірінің археология- сына тікелей қатысты сюжет бар. Бұл біздің заманымызға дейінгі 2 мыңжылдықтың басында Ежел- гі Шығыс елдеріне шабуылдап, өзімен бірге атқа табынушылықты, соғыс арбаларын, жетілдірілген қаруларды, жаңа идеологияны әкелген арбашы-жауынгерлердің мобильді топтарымен байланысты. Бұл жаулап алу элитарлық көші-қон санатына жатады. Кейін олар жаңа мемлекеттердің элитасын қалыптастырды, әскери аристократияны құрды, Ежелгі Шығыс елдерінің сарай рельефтерінде кең таралған арбадағы жауынгер-патшаның бейнесін қалыптастырды. Соңғы жарты ғасырда Қазақстанның қола дәуірінің археологиясында мәдени көрсеткіштері б.з.д. 2 мыңжылдықтың басында ерте егіншілік өркениеттердің аумағына басып кіріп, биле- ушілердің жаңа әулеттерін құрған тарихи тайпалардың сипаттамаларымен сәйкес келетін ескерт- кіштер ашылған. Ежелгі Шығыс елдерінің ғибадатханалық жазбаларында келуші тайпалардың есімдері сақталған: гиксос, кассит, аморея, марьянна. Олар тілдік қатыстылығы бойынша үнді- арийлер болғаны белгілі. Көптеген ондаған жылдар бойы лингвистер, тарихшылар, археологтар осы жаулап алушылардың ата-қонысын іздеумен болды. Мақаланың мақсаты - арбашы-жауынгерлер құрылымдарының далалық шығу тегін дәлелдеу үшін Орал-Қазақстан даласының қола дәуірінің мәдени жетістіктеріне сипаттама беру және сол арқылы Қазақстан даласындағы ежелгі тұрғындардың әлемдік тарихи процеске қосқан үлесін көр- сету.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Педрацки, М., Букешева, Г. ., & Хабдулина, М. . (2020). Азияның мәдени байланыстары контексіндегі Қазақстанның қола дәуірі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 130(1), 50–63. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-130-1-50-63

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР