Исламдағы мирас ілімінің артықшылығы және фард иелерінен болған әйелдер мұрасы
Қаралымдар: 134 / PDF жүктеулері: 517
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-141-4-172-183Кілт сөздер:
Құран, хадис, исламдағы мұра, мирас ілімі, араб қоғамы, фард иелері, мұрагерлік құқық, үлес, дәлел, әйел мұрасы.Аңдатпа
Ислам дінінің мұрагерлік құқық ғылымы ғасырлар бойы мұсылман ғалымдарының тәжірибесіне негізделіп, дамыған сала. Дұрыс жүзеге асқан жағдайда адамның көңіліне шаттык сыйлайтын және қарым-қатынастарын ретке келтіріп, әлеуметтік өміріне тұрақтылық әкелетін Алла Тағаланың бұйрықтарының бірі – мұра. Исламдық мұрагерлік құқықтың негізгі қағидасы – Құран нормаларына бағыну. Ислам шариғатында Алла Тағала мирас iлiмiне ерекше мән беріп, ондағы мәселелердi тiкелей өз басшылығымен егжей-тегжейлі баяндаған. Алла Тағала бiзге Өзiнiң шексiз даналығымен қайтыс болған кiсiден қалған мирасты мұрагерлер арасында әділ бөлудің тендессiз жүйесін көрсетіп берді. Бұл көрсетілген жүйеде мұрагерлер арасында талас-тартыс пен ұрыс-керіске ешкандай орын жоқ. Aтaлмыш мaқaлaдa ислaм құқығындa қолдaнылaтын мирaс ұғымынa тiлдiк жәнe тeрминдiк aнықтaмaлық тұрғыдaн қысқaшa тaлдaу жaсaлып, ислам дінінің негізгі дереккөздері болып табылатын, Құран мен Пайғамбар хадистері, сахабалардан жеткен деректер аясында қарастырылады. Исламдағы мұраның артықшылығына қатысты мәселелер, сондай ақ оның ислам құқығындағы маңызы талқыланады. Исламдық мұрагерлік құқықтың негізгі қағидасы – Құран нормаларына сүйеніп, ережелер мен шешімдерге айрықша назар аударылады. Исламдағы мұрагерліктің құқықтық жүйесі басқа құқықтық жүйелерден айтарлықтай ерекше екендігі әрі Құранда ешқандай мәселе мұра мәселесі секілді егжей-тегжейлі айтылмағандығы баяндалады. Исламдағы мұрагерлік мәселелерін қарастыратын ғылым турасында шариғат құқықтанушылары тарапынан көзқарастар келтіріліп, исламға дейінгі араб қоғамындағы мұрагерлік құқығының көріністеріне қысқаша шолу жасалынады. Мұрагерлік құқықтардың негізгі принциптерін және фард иелерінен болған әрбір әйел мұрагердің үлесін ашуға әрекет жасалады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2022 А.Ш. Жамашев, И.Р. Наурзалиев, Т. Кожа.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.