XIX ғасырдың соңы мен -XX ғ. Қазақстанда кәрістердің беймделу үрдістері


Қаралымдар: 75 / PDF жүктеулері: 139

Авторлар

  • Ерлан Қ. Джиеналиев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Булбул Шәкен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-140-3-21-38

Кілт сөздер:

Қазақстан; Корея; Патшалық; Бейімделу; Миграция; Отарлау; Депортация; Этнос; Күріш шаруашылығы; Диаспора; Балық Аулау; Қоныс аудару

Аңдатпа

Зерттеудің өзектілігі этностың бөгде мәдени ортаға сәтті бейімделуінің үлгісін көрсеткен,  республиканың демографиялық, әлеуметтік - экономикалық, саяси және мәдени өмірінің тұрақты компонентіне айналған Қазақстандағы кәріс диаспорасының XIX-ХХ ғғ.дамуы мен қалыптасуымен айқындалады. Ұсынылған мәселені зерттеу барысында біз еңбектер мен құжаттарға сүйендік, оларды зерделеп, Қазақстан аумағында кәрістердің қоныс аудару және бейімделу үрдістерін бақылай алдық. Мақала революцияға дейінгі дәуірде, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы, 1937-1938 жылдардағы депортация науқанындағы, соғыстан кейінгі жылдардағы және тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі кәрістердің Қазақстанға қоныс аударуы мен бейімделу кезеңдерін қамтиды. Қоныс аудару кезеңдері, аймақтары және қоныс аударушылар санымен қатар, бейімделудің экономикалық, әлеуметтік, мәдени  түрлері егжей-тегжейлі сипатталады. Кәрістердің Қазақстандағы егін шаруашылығын, атап айтқанда күріш өсіруді, сондай-ақ балық аулауды дамыту үрдісі көрсетілген. Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайларына бейімделген тұрғын үйлер салуды, корей елді мекендерін құруды көздейтін тұрмыстық бейімделу егжей-тегжейлі сипатталған. Сондай-ақ мәдени, білім беру бейімделуіне де: мектептер мен басқа да оқу орындарының, театрлардың пайда болуына, әдебиет пен мерзімді басылымдардың дамуына көңіл бөлінеді. Қоныс аударушылардың автохтонды тұрғындармен әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасы ерекше атап өтілді. Қорытындылай келе, әртүрлі тарихи оқиғаларға қарамастан, кәрістер жергілікті жағдайларға бейімделіп, Қазақстанды дамыту жөніндегі жасампаз еңбекке белсене араласты деген қорытынды жасалды. XIX-ХХ ғғ. соңындағы Қазақстанның кәрістердің қалыптасу және даму тарихын, оның мәдени және әлеуметтік даму ерекшеліктерін зерделеу кезінде бұрынғы тұрған жерлерінің тарихи жағдайларында қалыптасқан менталитеттің базистік қабаты, сондай-ақ патша және кеңес заманында қалыптасқан дүниетанымдық ерекшеліктер ескерілді. Қазақстандағы кәріс диаспорасы өзінің дамуы мен қалыптасуы барысында XIX ғасырдың соңы  мен ХХ ғғ.  республиканың демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірінің тұрақты компонентіне айналды, этностың шетелдік мәдени ортаға сәтті бейімделуінің үлгісін көрсетті. Материалдар практикалық құндылыққа ие, өйткені үкіметтің бұл тәжірибені қолдануы сөзсіз этносаралық келісім атмосферасын құру саласында практикалық қолдануға негіз болады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-10-21

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Джиеналиев Y. К. ., & Шәкен B. . (2022). XIX ғасырдың соңы мен -XX ғ. Қазақстанда кәрістердің беймделу үрдістері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 140(3), 21–38. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-140-3-21-38

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР