Ертіс өңірінің киелі кеңістігі: тарихи жады мен ұлттық бірегейлік
Қаралымдар: 108 / PDF жүктеулері: 319
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-140-3-89-105Кілт сөздер:
Иртыш; сакральный; география; история; память; национальный; священный; возрождение; религия; обычай.Аңдатпа
Мақала Ертіс өңірінің киелі орындарын зерттей отырып, тарихи жадыны жаңғырту мен ұлттық бірегейлік мәселелеріне арналады. Сарыарқаның Ертіс өңірі – сонау ерте заманнан келе жатқан мәдениеттің тұтасқан жері. Мақаланың басты мақсаты – кешегі өткен Кеңестік тоталитарлық кезеңнің салдарынан ұмыт қалған киелі жерлер жайында мәліметтер беру. Дін – апиын деген тарихи сөздің байыбына бармай жалаң ұрандатып, кеңестік билік қазақ халқының наным-сеніміне, діни көзқарастарына қарсы саясат қолданды. Атеистік саяси бағыт ұстанған әміршіл-әкімшіл үкіметтің сыңаржақ әрекеті салдарынан көненің ізімен жалғасып келе жатқан қазақ халқының дәстүрлі рухани жүйесі бұзылды, әулие-әнбие есімдері ескерусіз қалды, киелі орындар жабылып, ұлттық сананың біржола өшу қаупі төнген еді. Саяси қудалауға түсіру мен идеологиялық науқандардың нәтижесінде халықтың санасы қияли коммунизм идеясымен уландырылып, әдет-ғұрып пен дәстүрлер ұмыттырыла бастады. Сол тарихи жібі үзілген кезеңнің жадысын қалпына келтіру, өткенді қайта жаңғырту – заман талаптарынан туындаған ақиқат деп білеміз. Сондықтан саяси процестері кезінде қазақ халқының ұлттық тарихи жадының тұтастығын сақтауда Ертіс өңіріндегі киелі орындардың тарихи-мәдени рөлі жайлы бұл мақалада жан-жақты талданады. Жалпы Ертіс өңірі бойынша далалық материалдар көрсеткендей, киелі орындарға зиярат жасау ғұрпы қазақ қоғамының бөлінбес бөлшегі болып табылады. Сол себепті, бұл құбылысты қазақ халқының күнделікті өмірінен жасанды жою процесстері ешқандай жақсылыққа жеткізбейтініне көз жетіп тұр. Авторлар бұл мақалада дүниетанымдық, этнографиялық, топонимикалық мәліметтерге сүйене отырып, Ертіс өңірінің киелі жерлерінің орналасқан жерін анықтап, тарихи – мәдени маңыздылығын көрсетеді.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2022 Мади И. Рахимов, Айгуль М. Турлыбекова.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.