«Тәркілеу саясаты» және елден жер аударту: Қырғызстаннан Украинаға арнайы жер аударылғандар мысалында (1929-1933 ж.)


Қаралымдар: 144 / PDF жүктеулері: 181

Авторлар

  • Гулзат Алагозкызы Б.Жамгырчинов атындағы Тарих, археология және этнология институты https://orcid.org/0000-0001-6644-3558

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-140-3-122-135

Кілт сөздер:

Эсимде; кулак; ұжымдастыру; репрессия; үлкен террор; Украина; қоғам; тоталитаризм; Херсон; Қырғызстан.

Аңдатпа

Автор мақаласында 1930 жылдары Қырғызстан аумағынан Украинаның оңтүстігіне жер аударылған «құлақтарды» зерттеумен айналысады. Зерттеуде ұжымдастыру саясаты аясында кеңес өкіметінің кулактарға деген көзқарасының эволюциясы талданады. Автор ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы қуғын-сүргін саясатының мақсат-міндеттерін, қуғын-сүргінге ұшырағандарды іріктеу критерийлері мен механизмін талдаған. Мақалада 1937-1938 жылдардағы Ұлы террор жылдарындағы кулактарға қарсы жаппай қуғын-сүргін тарихының бірқатар негізгі мәселелері де қарастырылған. № 00447 бұйрығының әртүрлі мақсатты топтарына: бұрынғы кулактарға, шаруалар көтерілістеріне қатысушыларға, дін қызметкерлері мен дін қайраткерлеріне, қылмыскерлерге қатысты репрессиялық шаралардың ерекшеліктерін анықтауға басты назар аударылады. Микротарихи көзқарас негізінде қуғын-сүргіннің колхоздық құрылысты нығайтуға бағытталғаны айқындалады. Мақаланың дереккөзіне автор қатысқан Украина мен Қырғызстан мұрағаттарынан кулактар туралы мәліметтерді іздеуге арналған экспедиция кезінде жиналған құжаттар алынды. Мұрағат материалдарынан бөлек, Украинаға жер аударылған кулактардың отбасылары мен ұрпақтарынан «Есімде» зерттеу алаңы жинаған ауызша тарих деректері, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ашық мәліметтер пайдаланылды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-10-21

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Алагозкызы G. . (2022). «Тәркілеу саясаты» және елден жер аударту: Қырғызстаннан Украинаға арнайы жер аударылғандар мысалында (1929-1933 ж.). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 140(3), 122–135. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-140-3-122-135

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ