Шешендік өнердегі мәдени-құндылықтық концепциялар
Қаралымдар: 91 / PDF жүктеулері: 160
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-142-1-211-224Кілт сөздер:
шешендік өнер; құндылық; таным; рухани мәдениет; би; шешендер.Аңдатпа
Бүгінгі жылдамдық пен трансформация кезеңінде ұлттық мәдени-құндылықты реконструкциялау бүгінгі қоғамның жан-жақты ізденісін байқауға болады. «Кеңестік» және «Посткеңестік» кеңістіктен өз мәдениетін идентификациялап, тарих елегіне өткен рухани құндылықтарды сұрыптап, кешегі қалыптасқан ұлттық мәдени-құндылықтарды реконструкциялаумен шектелмейді. Сонымен қатар, озық идеялар мен мәдениетімізден жаңа форматтағы құндылықтарды қалыптастыруымыз керек. Сондықтан қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени жағдай рухани құндылықтық бағыт-бағдарды түбірінен қарастыруды, тереңінен түсінуді және оны техногендік қоғамның кәдесіне асыру жолдарын анықтауды талап етеді (Раев, 2011: 7). Осы жолда бізді адастырмай мәдени-құндылығымызға жетелейтін ғұлама ойшылдардың еңбектерін, би-шешендеріміздің ұлағатты сөздерін, ұлттық фольклорды сараптау арқылы жүзеге асырамыз. Қазақ би-шешендері – халқымыздың төл рухани-мәдени құндылығымыз екені сөзсіз. Демек, қазақтың шешендік өнері – халқымыздың идентификациялық мәдени құндылықтар жүйесін қамтыған әмбебап құралдың бірі. Оның негізі – бізге аманат етілген мұра екенін мойындауымызда. Мәдени-құндылықтар өз бастауын халықтың тілі, ділі, діні, әдет-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігі, халық даналығы, ұлағатты сөздерінен бастау алады. Соның ішінде, ауыз әдебиетіндегі жәдігерлер арқылы мәдени құлдырамауға, қоғамды дұрыс бағыттауға, тәрбие беруге, бүгінгі аксиологиялық жүйені қалыптастыруға болады деп есептейміз.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.