Тарихи тақырыптардың танымалдылығын арттыру мақсатында подкастингті қолдану тәжірибесі (қазақ хандары туралы подкаст жасау мысалында)
Қаралымдар: 204 / PDF жүктеулері: 346
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-140-3-178-192Кілт сөздер:
подкаст-индустрия; подкастинг; тарихты дәріптеу; нарратив; қазақ хандары; тарихи естелік.Аңдатпа
Мақалада нарративтік аудиобағдарламаларды, соның ішінде Қазақстандағы подкаст-индустрияның тарихи-этнографиялық және зерттеу бағыттарын дамыту, тарихи нарративтердің мәдениеттанулық интерпретациясын кеңейту мақсатында подкаст-индустрияның мүмкіндіктерін қолдану мәселелері тақлқыланады. Академиялық ортада кеңінен танымал, алайда көпшілік біле бермейтін Қазақстан тарихының түрлі кезеңдеріне арналған ғылыми зерттеулердің нәтижелерін неғұрлым қолжетімді түрде ұсынуға болады. Осындай қолжетімді форматтардың бірі – академиялық орта өкілдерінің қатысуымен дайындалған нарративті подкасттар. Мақалада қазақ хандарының өмірі мен қызметіне арналған аудиоподкастты дайындау барысы сипатталған. Бұл мақала Қазақстан тарихына қатысты ақпаратты таратудың жаңа әдістерін қолдану мүмкіндіктерін зерттеу тұрғысынан қызықты болмақ. Сондай-ақ мақалада келтірілген мысалмен салыстыра отырып, қазақ халқының мәдениетіне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, сондай-ақ фольклорына, кескіндеме өнеріне қатысты зерттеулердің нәтижелерін мәдениеттанулық интерпретацияны, ұжымдық, тарихи жадыны кеңейту тұрғысынан кеңінен таратуға жақсы мүмкіндік бар деген ойдамыз. Тарихи жадының ұрпақтар арасындағы байланыстырушы фактор ретіндегі өзектілігі қазіргі таңда өте жоғары, себебі бүгінгі күні әлемнің барлық дерлік елдеріндегі қоғам өміріне әсер етіп отырған жаһандану мен вестернизация үрдістері тарихи жады шекараларының біртіндеп жойылуына әкелуде. Осы ретте медианың техникалық тұрғыдан қолданылуы жағынан қолжетімді жаңа бағыттарын, соның ішінде подкаст-нидустрияны қолдану маңызды деген ойдамыз.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2022 Айым Б. Тлепберген
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.