ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басындағы жергілікті қазақ элитасы және оның трансформациясы (Ақтөбе өңірінің материалдары негізінде)


Қаралымдар: 102 / PDF жүктеулері: 205

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-139-2-29-50

Кілт сөздер:

реформа; элита; сұлтан; болыс; старшын; бай; би; ишан; хазірет; молда; трансформация.
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Мақалада ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы жергілікті қазақ элитасының қоғамдық-саяси қызметі мен оның трансформациясы қарастырылған. 1860-1890 жылдардағы әкімшілік-саяси реформалардың нәтижесінде Орынбор өлкесінің қазақтарында жаңа әкімшілік бөлініс енгізіліп, жергілікті басқару негізінде болыс басқарушысы, ауыл старшындары сынды лауазымды билік өкілдері енгізілді. Мақалада осы болыс басқарушысы мен ауыл старшындарының функционалдық қызметі мен міндеттері «Ережелер» баптары негізінде талданады. Авторлар осы ХІХ ғасырдың 60-90 жылдардағы ережелердің негізінде халықтық сот, болыстық молда қызметтерінің енгізілуін де қарастырып, ол өзгерістердің қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарға, оған қатысушы билер мен дін өкілдерінің қызметі мен мәртебесіне ықпал етуін зерделейді. Сол сияқты мақалада байлар институтының аталмыш кезеңдегі трансформациясы жеке талданады.  Қорытындыда авторлар жергілікті қазақ элитасының трансформациясына қатысты бірқатар бастапқы түйіндер келтіреді: 1. Жергілікті қазақ элитасы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының негізгі діңгегін құрады. Ықпалды болыстар, билер, діни қайраткерлер, байлар, ауыл ақсақалдары өзара байланыса әрекет жасап, халықтың түйіткілді мәселелерін шешуді жалғастырды; 2. Жаңа реформа негізінде бекітілген болыс басқарушылары да уақыт өте қазақ қоғамымен қабылданып, саяси-қоғамдық өмірдегі басты лауазымды тұлғаға айналды; 3. Жергілікті қазақ элита өкілдері аталған кезеңде әлеуметтік мәртебесі мен саяси ықпалдылығы жағынан трансформацияға ұшырады. Патша үкіметі сайланбалы лауазымдар, түрлі шектеулер енгізу арқылы қазақ билерінің, байларының, дін өкілдерінің, басқа да игі-жақсыларының беделі мен халық арасындағы қызметін шектеуге тырысты. Кеңес үкіметінің орнауымен қазақ халқы мен элита өкілдерінің мал-мүлкіне шабуыл жасалып, олардың қоғамдағы беделі мен мәртебесіне соққы жасалды. 

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР