Археологияның тарихи ғылым ретіндегі мәртебесі (пәнаралылық хақындағы түйінді мәселелері)
Қаралымдар: 103 / PDF жүктеулері: 84
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-139-2-51-75Кілт сөздер:
теориялық археология; мәртебе; парадигманы ауыстыру; пәнаралылық; тарих ғылымы; ұғыну және түсіну.Аңдатпа
Археологияның өзіне тән әдіснамасы, дереккөздері және басқада толыққанды ғылымның белгілері бар академиялық пәнге дейін ұзақ және күрделі жол кешкені көпшілікке мәлім. Бұл археологияға да қатысты – қазіргі таңда археологиялық әлемнің ғылыми ортасында оның ғылым жүйесіндегі орнын қайта қарау туралы немесе оның тарих ғылымының ішіндегі нақты орнын белгілеу, тіпті бөлек ғылым саласына бөліп шығару жөніндегі мәселелер жиі көтерілуде. Бұл тұрғыда маңызды болып келетін жәйттардың бірі – ол археологияны тарих ғылымының өзінің түсінуі және ұғынуы. Назарға ұсынылған мақалада археологияның мәртебесіне, оның парадигмасының ауысуы мүмкіндіктерге сараптама жасалып, тарих ғылымының археологияға ғылыми көз қарастары оның бөлініп кетуі хақында зерделенуде. Аталғанды қарастырудағы негізгі ерекшелік – ол археолог-ғалымдардың көзқарастарымен қатар тарих ғылымының өкілдерінің жалпы археологияға және оның ықтималды қарама-қайшылықтарына сай бөліп шығаруға қатысты ой-тұжырымдары сарапталуда. Авторлар археологияның тарихи пәндер арасындағы мәртебесіне өз ой-пікірлерін келтіріп, бірқатар маңызды қорытындылармен қатар осы ғылымның теориялық-әдіснамалық өңдеулерін белгілі бір географиялық аймақтың, елдің өңірлік және т.б. ерекшеліктерін ескеріп жасау керек деген тұжырымға келеді.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2022 Ельдос М. Кариев, Дана Б. Самратова.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.