Психоаналитикалық және әлеуметтік мәдени теория аясындағы адамның өзін-өзі жетілдіру мәселесі


Қаралымдар: 101 / PDF жүктеулері: 202

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-143-2-234-247

Кілт сөздер:

Адам; қоғам; мәдениет; тұлға; өзін-өзі жетілдіру; мәдени мұра; коммуникация; еркіндік; жырау.
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Мақалада психоаналитикалық және әлеуметтік мәдени теория аясында адамның өзін-өзі жетілдіру мәселесіне жан-жақты талдау берілген. ХХ ғасырдағы қоғамдық өмірдің қарама-қайшы динамикасы адамның өзін-өзі жетілдіруі, жеке даму стратегиялары, тұлға белсенділігі мәселесін алға тартты. Адам үшін өзінің даралығы мен оған апаратын кемелдік жолын айқындау аса маңызды уәзипа. Авторлардың пікірінше дәл осындай тәсілдер психонаналитикалық және әлеуметтік мәдени стратегияларда қамтылған. Әлеуметтік мәдени теория аясындағы тұлға дамуын айқындау үшін мәдени мұралар, коммуникатив рационалдылық, еркіндік, жауапкершілік ұғымдарына терең талдау жасалған. Адамның өзін-өзі жетілдіру мәселесі негізінде әлеуметтік-мәдени коммуникацияның маңыздылығы зерделенген. Қазақ халқының әлеуметтік өмір салты адамгершілік қасиеттерге және тұлғалық құндылықтық, әлеуметтік-психологиялық, этникалық ұстанымдарға қатал талап қойды. Ал жыраулар поэзиясының ерекшілігі – бұл әлеуметтік ортаға тікелей бағыты, олардың жыр-толғаулары белгілі бір міндетті, мақсатты көздеумен айқындалады. Тұлғаның кісілік, ар-намыс секілді қасиеттерін жоғары қойып, әлеуметті соған лайықты тәжірибелеу арқылы кісілік қалыбын жетілдіруге бағытталды. Олар өз шығармаларын дидактикалық сипаттағы философиялық толғаулар түрінде қалыптастырып, заман жайлы ой-тұжырымдарын, мораль хақынадағы ой-түйіндерін баяндады. Қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді көтеріп, тіршілікте болып жатқан өзгерістер мен оқиғаларға оның мән-мағынасы туралы түсініктерін білдіріп отырды. Мақалада өзін-өзі жетілдіру стратегияларын қалыптастырудағы жыраулар шығармашылығындағы философиялық-антропологиялық, әлеуметтік ой-тұжырымдардың маңыздылығы тұжырымдалған. Жыраулар поэзиясындағы философиялық-антропологиялық пайымдаулар зерделенген.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-22

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ