Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Кемел Тоқаев («Солдат соғысқа кетті» романы негізінде)
Қаралымдар: 154 / PDF жүктеулері: 87
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2024-146-1-215-232Кілт сөздер:
Кемель Токаев; война; битва; Красная Армия; Сталинградский фронт; роман; писатель.Аңдатпа
Мақала мазмұны Ұлы Отан соғысының Дон, 1-ші Украин, 2-ші Белорус фронттарының ірі шайқастарына қатысушы Кемел Тоқаевқа байланысты өрбиді. Автор, зерттеліп отырған тұлғаның Қызыл әскер құрамындағы 226-шы атқыштар дивизиясы мен 7-ші маңдай шепті бұзатын гвардиялық танк полкы жеке құрамдарының қатарында болған кездегі ұрыс іс-қимылдарының барысын ашып көрсетуге әрекет жасайды. Сонымен қатар жазушы қатысқан маңызды шайқастардың масштабы мен Қазақстанның жеңіске қосқан елеулі үлесі туралы қысқаша мәлімет береді. Зерттеу барысында Кемел Тоқаевтың «Солдат соғысқа кетті» автобиографиялық романы қолға алынып, мазмұнындағы сюжеттік оқиғалар мен көрсетілген уақыт аралығына ерекше назар аударылды. Мақала авторы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві, Ресей федерациясының Қорғаныс министрлігі және Орталық мемлекеттік архиві құжаттарын, мерзімдік басылымдардағы замандастар жарияланымдары мен отбасы мүшесінің естелік кітабын, Ұлы Отан соғысы туралы отандық ғалымдардың ұжымдық монографиялары мен тарихи-құжаттық жинақтарын қолданды. Ұрыс қимылдарындағы танк полкының іс-әрекеттерін толықтырып сипаттайтын карталар, визуалды түрде ұсынылған мәліметтердің дәлдігін арттыруға септігін тигізді. Кемел Тоқаев шығармасының мазмұны мен архив құжаттарындағы мәліметтерді сәйкестендіру барысында, әдеби шығарманың тарихи астары бар екендігі айқындалды. Зерттеу жұмысы қорытындысында ардагер-жазушының әскери жолының логикалық аяқталуы ретінде алған марапаттары аталып, осы бағытта әлі де зерттеулер қажет екеніне тоқталды. Сонымен бірге қазақ әдебиетіндегі жаңа детективтік жанрдың дамуы, тікелей Кемел Тоқаев есімімен байланысты екені айтылды.
Downloads
Әдебиеттер тізімі
Атыхан Е. Кемел ғұмырлы Кемел // Газета Айқын. – №71(2465). – 2014.
Аманжолов К.Р. Жауынгерлік туы астында : Қызыл Армияның Қазақстанда құрылған әскери бөлімдері мен құрамаларының ерлікпен өткен жолдары (1918-1945 ж.ж.). – Алматы, 1991. – 176 б.
Аяған Б.Ғ. Абырой мен парыз (Еуропа елдеріндегі Екінші дүниежүзілік және Ұлы Отан соғысына азақстандықтардың қатысуы). – Алматы, 2015. – 592 б.
Аяған Б.Ғ. Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында (Тарихи-құжаттық зерттеу). – Алматы, 2010. – 640 б.
Белан П.С., Едігенов Н. Боздақтар. – Алматы: Қазақстан, 1995. – 480 б.
Габдуллин М. О друзьях-товарищах: Фронтовые очерки. – Алма-Ата, 1961.
Кайсенов К. Юные партизаны. – Алма-Ата, 1954. – 107 с.
Козыбаев М., Едыгенов Н. Труд во имя Победы. Алматы: Казахстан, 1995.
Коломиец М. Модернизированные танки «Клим Ворошилов» KB-1С и КВ-85. М.: Стратегия КМ: Яуза, 2014.
Момыш-улы Б. За нами Москва. Записки офицера. Алма-Ата, 1988.
Мұңалбаева Ү., Ташимова Б., Умарова Г., Акчурина Г. Биобиблиографиялық көрсеткіш. – Нұр-Сұлтан, 2021. – 120.
Нұршайықов Ә. Дос // Егемен Қазақстан. – №54-55(23265). – 2003.– 5 б.
Тоқаев Қ. Әке туралы ой-толғау. – Алматы: Парасат, 2005. – 199 б.
Тоқаев К. Солдат соғысқа кетті. – Алматы : Жазушы, 1983. – 398 б.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Mадияр Шакиев, Тлеген Садыков, Игорь Жеребцов
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.