Қуғындалған ырғыздықтар


Қаралымдар: 107 / PDF жүктеулері: 114

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-142-1-93-107

Кілт сөздер:

саяси қуғын-сүргін; алашордашы; қайраткер; құпия; аса құпия; саяси науқан.

Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған Ырғыз өңірінен шыққан алашордашылар мен кеңестік билік тұсындағы қайраткерлердің саяси қызметтері мен тағдырлары сараланады. Ырғыз өңірінен шыққан Алаш азаматтардың барлығы да түрлі жолдармен ұлт мүддесі жолында күреске шығып, халықтың мүддесі жолында үзенгілес азаматтармен бірге қазақтың өз билігі өзінде болатын тұтас бір мемлекетке бірігуін жақтады. Сол жолда жазым болды. Сталиндік қуғын кеңестік билік саласында адал қызмет еткендерді де аямады. Жалған жала жауып, соттап, түрмеге қамады, жер аударды, ең ауыр ату жазасына кесті. Президентіміз Қ.Тоқаевтың ашаршылық пен қуғын-сүргін мәселесін жіті зерттеуді міндеттеуі «құпия», «аса құпия» деген желеумен жабулы қалған қаншама арыстарымыздың істерін қарауға, оны талдауға мүмкіншілік туды. Мақала барысында РКФСР Қылмыстық істердің 58 бабының 2, 8, 9, 10, 11-пункттері бойынша айыпталған алашордашыл Әбдіразақ Башбаев, Қайназар Бекмурзин, Қуаныш Жұбанов және т.б., сонымен бірге кеңестік билікте қызмет еткен Жәшік Ерубаев, Жолбосын Ақшолақов сияқты қайраткерлердің  қуғындалуының себебі мен оларға тағылған айыптау барысы айқындалады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-17

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Смагулова, С. О. ., & Избасарова, Г. Б. . (2023). Қуғындалған ырғыздықтар. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 142(1), 93–107. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-142-1-93-107

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР