Жетісу облысындағы отарлық білім беру Ресей империясының әлеуметтік тәжірибелері ретінде (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы)
Қаралымдар: 119 / PDF жүктеулері: 232
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-144-3-119-137Кілт сөздер:
Жетісу облысы; отарлық білім беру; Ресей империясы; Верный ерлер гимназиясы; орыс-түземдік мектебі; қазақ шенеуніктігі; «түземдік» әкімшілікАңдатпа
Бұл мақалада автор Жетісу облысындағы отарлық білім беру ісінің Ресей империясының әлеуметтік тәжірибесі ретіндегі рөлін қарастырады. Әкімшілік істер үшін жергілікті қазақ халқының қатарынан кадрлар даярлау бойынша отарлық білім берудің ерекшеліктерін анықтайды. Облыс аумағында патшалық өкімет орнатқан барлық білім беру ұйымдарының рөлдері анықталып, олардың қазақ шенеуніктер корпусын дайындаудағы үлестерін бағалайды. Облыстағы білім беру мекемелерінің қазақ түлектерінің қызметтерін аумақтағы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы отарлау саясаты контексінде қарастырады. Мақалада автор империя орнатқан білім беру ұйымдарына барған қазақ оқушыларының санына мән бере отырып, жергілікті қазақ халқының патшалық өкіметтік білім беру ісіне қатысты позицияларын айқындайды. Сондай-ақ мақала авторы облыстағы білім беру мекемелерінің жергілікті әкімшіліктік кадрлер дайындау ісінің салдарларын талқылап, олардың ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы көшпелі қазақ қоғамының қоғамдық дамуына қосқан үлестерін талдайды. Қорытынды бөлімде зерттеуші алынған нәтижелер негізінде Жетісу облысындағы отарлық әкімшіліктегі жергілікті кадрлер даярлау ісіне ерекше мән бере отырып, патшалық өкіметтің отарлық білім беру ісініе қатысты өзінің пайымдауларын келтіреді.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Мирас Е. Абдрахим
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.