Қазіргі ғылымның дамуындағы оккультті білімнің маңызы


Қаралымдар: 2325 / PDF жүктеулері: 50

Авторлар

  • Нигина А. Шермухамедова Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0001-6887-2479
  • Темурбек К. Ибраимов Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-139-2-234-246

Кілт сөздер:

ғылым философиясы; оккультті білім; оккультизм; эзотеризм; оккульттық философия.

Аңдатпа

Ғылым философиясы кезеңдік дамуы жағынан бірнеше бөліктерге бөлінсе, соның ішінде ғылым мен эзотеризмнің арақатынасы қарастырылады. Оған эзотерикалық білім, оккультизм, дін және мифология кіреді. Белгілі философ және ғалым Пол Фейерабенд «Ғылымды ғылыми элитаның идеологиясы ретіндегі орталық орнынан айырып, мифологиямен, дінмен, тіпті магиямен теңестіру керек» – дейді. Яғни, ғылым философиясы бүгінгі таңда ғылым шеңберінен тыс жатқан, бірақ мистикалық танымның пайда болу механизмін нақты түсіндіре алмайтын бірқатар құбылыстар мен жасырын білімдерді таниды. Бұл терминологияда оккультизм немесе оккультті білім деп аталады. Адам әрқашан мистикалық құбылыстар мен табиғаттан тыс нәрселерді жақсы көреді. Ғылыми немесе логикалық түсініктемесіз заттарды түсіне алмайтын адамдар белгілі бір оқиғаларға жауапты күшті «құдайларды» ойлап табуға тырысты. Оккультизм – адам өміріне әсер ете алатын белгілі бір тылсым күштерге сену. Бұл күштермен байланыс тек риясыз адамдарға ғана қолжетімді. Бұл күштермен байланысуға көмектесетін оккульттік тәжірибелер бар. Православие шіркеуі оккультизмді христиандыққа еш қатысы жоқ қауіпті құбылыс деп санайды. Оккультизм өзін-өзі дамыту және Жаратушыдан тыс өмір идеясына негізделген. Жақсылық пен зұлымдық ағашының дәмін жазасыз ғана емес, қандай да бір пайдасы бар деген қате пікір адам жүрегіне зиян. Оккультизм тәкаппарлық күнәсымен және адам, мысалы, табиғат күштеріне жүгініп, осы дүниенің барлық қиындықтарына өз бетімен төзе алады деген сеніммен тығыз байланысты. Бұл мақалада оккультизм мен оның белгілі бағыттарына тоқталып, олардың терминологиялық ерекшеліктерін, мағынасы мен мазмұны ашылды. Қазіргі ғылымдағы оккультизмнің рөлі, ғылым мен оккультизмнің арақатынасы, тарихи талдаулар талқыланды. Оккультизмнің тарихи маңызы, оккультизмнің пайда болуы мен дамуы, оның негізгі салалары мен бағыттары, бүгінгі күнгі маңызы көрсетілді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шермухамедова, Н. А. ., & Ибраимов , Т. К. . (2022). Қазіргі ғылымның дамуындағы оккультті білімнің маңызы . Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 139(2), 234–246. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-139-2-234-246

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ