Алаш зиялылары жазған қара өлең: М. Жұмабаевтың халық жадындағы мұралары
Қаралымдар: 99 / PDF жүктеулері: 136
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-145-4-318-331Кілт сөздер:
Қазақстан; Ақмола облысы; қазақтар; «бұрынғылар»; «айырылғандар»; кеңестерге қарсы фольклор; Алаш зиялылары жазған қара өлең; жады.Аңдатпа
Мақалада Ақмола облысы бойынша жинақталған архив және далалық материалдар негізінде 1920-1930 жж. өңірдің әлеуметтік-мәдени өмірі зерделенеді. Көрсетілген кезеңдегі жаңа өкіметтің орнығу процессі бүкіл адамдарды «бұрынғылар» және «айырылғандар» (лишенцы) ретінде анықтап, оларды саяси және қоғамдық өмірден аластатуға бағытталды. Бұл әлеуметтік әділеттілік негізінде құрылған жаңа қоғам мен мемлекет құру қажеттілігімен түсіндірілді.
Жаңа билік тұрғысынан ең тиімділердің бірі – «бұрынғылардың» материалдық жағдайына нұқсан келтіру шаралары болды. Сол жылдары Шығыстың артта қалған өңірлерінің бірі ретінде бағаланған Қазақстанда ұжымдастыру және бай-кулак элементтерімен күрес аясында қазақтардың жылжымалы мүлкі болып саналатын – төрт түлігі тәркіленді. Тәркілеудің салдарынан алапат ашаршылық болды. Ашаршылықтың боларын сезген халық төніп келе жатқан зұлматты кеңестерге қарсы жазылған қара өлеңдерде сомдады. Халық фольклорының бұл түрі әлеуметтік наразылықтың көрінісі болды.
Сол кезеңдегі кеңестік билікке қарсы қара өлең мәтіндерінің ғылыми айналымға енгізілуі жұмыстың жаңашылдығын айқындайды. Қазақ тіліндегі Алаш зиялылары жазған қара өлеңдер мәтінін талдағанда, көрнекті қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығымен байланысын анықтауға және оның шығармасы негізінде қара өлеңдердің шығу тегін болжауға мүмкіндік берді.
Келтірілген қара өлеңдер мысалында болып жатқан оқиғаларға баға берілгендігін зерделейміз. Кеңес өкіметі жылдарында «айырылғандардың» едәуір бөлігі атылды, моральдық және психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшырады. Бірақ олардың айтқандары ұрпақтарының жадында сақталады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Зубайда К. Сураганова, Куралай К. Сарсембина
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.