Философия пәнін оқытуда «Liberal Arts» моделін қолдану жолдары
Қаралымдар: 147 / PDF жүктеулері: 127
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2024-146-1-233-247Кілт сөздер:
философиялық білім, «Liberal Arts», философияны оқыту әдістемесі, ғылыми әдебиет, философиялық мәтінді талдау, тіл, түсіну, герменевтика.Аңдатпа
Бұл мақалада авторлар қазіргі заман маманы үшін жылдам өзгеріске түсіп жатқан нарық сұраныстарына жауап бере алу, яғни білімін үнемі жетілдіріп, жаңғыртып отыру, мамандығы аясында алған дағдыларының тар шеңберінен шығып кетуге икемді болу секілді шеберліктерді игертудегі маңызды жаңа технологияларға зер салып, соның ішінде еркін өнер және ғылымдар моделі жайында да ой қозғап, ортаға салады. Аталған модельдің құндылығы – пәнаралық байланыстың болуы және оқу үдерісінің түпкілікті түрдегі интербелсенділігі, ал басқа технологиялардан айрықшалығы – студенттердің негізгі және қосымша мамандану бағыттарын таңдай алуға септігін тигізуде және оқытушылардың статусы мен атқаратын рөліндегі ерекшеліктерінде түйінделеді. Авторлардың пайымынша, модельдің ұтымды жақтарының бірі – оқу бағдарламаларына қатысты немесе студенттің таңдау еркіне сай қолайлы құрылатындығында және дайын білімді жинақтаудан гөрі сыни ойлауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыруға бағытталғандығында көрініс тапқан. Сондай-ақ, мақалада Еуропаның, Азияның көптеген жоғары оқу орнында тәжірибеден өткен, өз тиімділігін дәлелдеген техникалар бағыттары (бірінші жылдың семинары, ұжымдық тапсырмалар мен жобалар, қоғамдық қызмет элементтері бар практикалық оқыту және т.б.) келтірілген. Авторлар өз пікірлерін жоғары білімі тар мамандандыру мен оқытудағы дидактикалық тәсілдердің қысымына ұшыраған елдерде еркін өнер және ғылым моделі студенттер мен оқытушылардың қолдауына ие болатын бірегей балама тәсілдеме бола алады деген тұжырыммен қорытады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Бұл жұмыс лицензия бойынша қол жетімді лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial» («Атрибуция — Некоммерческое использование») 4.0 Всемирная.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.