XIX ғ. екінші ширегі-ХХ ғ. 50-60 жж. Солтүстік Қазақстандағы жер қатынастарының даму мәселесі: тарихнамалық талдау
Қаралымдар: 126 / PDF жүктеулері: 124
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-145-4-110-127Кілт сөздер:
жер қатынастары; аграрлық саясат; көшпелі қазақтар; Солтүстік Қазақстан; қоныс аудару; шаруаларды отарлау; тың жерлерді жыртуАңдатпа
Мақалада ХІХ ғасырдың екінші ширегінен ХХ ғасырдың 50-60 жылдарына дейінгі кезеңдегі Солтүстік Қазақстандағы жер қатынастарының дамуы бойынша тарихнамалық шолу ұсынылады. Ғылыми зерттеуде авторлар мәселені шартты түрде бірнеше кезеңге бөліп көрсетеді, олардың әрқайсысы тақырыптық ерекшеліктерімен ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік жер саясатын бағалаудың түрлі ғылыми проблемаларын анықтаумен, оларды бағалау тәсілдерімен де ерекшеленеді. Ғылыми шынайылық пен тарихшылдық қағидаттарына сүйене отырып, авторлар Қазақстанның солтүстік облыстарындағы жер қатынастарын зерттеу тарихын белгілі бір бағыты мен даму динамикасы бар процесс ретінде қарастырады. Тарихи фактілер мен оқиғаларды талдауға авторлар қолданатын жүйелілік тәсілі жер қатынастарын елдің әлеуметтік-экономикалық жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде зерттеуге мүмкіндік береді. Революцияға дейінгі, кеңестік және посткеңестік авторлардың еңбектерін сыни талдау негізінде қаралып отырған хронологиялық кезеңде Қазақстанның солтүстік өңірінде жер қатынастарын дамыту проблемасы тарихи процестердің сабақтастығы мен үздіксіздігі тұрғысынан, осы проблемаға дәстүрлі және модернистік көзқарастардың арақатынасы тұрғысынан қарастырылып, сондай-ақ жергілікті қазақ халқының осы проблемадағы рөлін бағалау тұрғысынан толық зерттелмеген деген қорытынды жасалады болған аграрлық өзгерістер. Жер қатынастарының тарихын зерттеу қажеттілігі аймақтағы аграрлық жаңғыртудың ерекшеліктері мен салдарын зерделеуге мүмкіндік беретін көшпелі қазақтарды басқарудың жаңа жағдайларына бейімдеу теориясы тұрғысынан негізделеді.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Қаирболат Ж. Нұрбай, Галья А. Алпыспаева, Хадиша А. Аубакирова
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.