Ұлытаудың жергілікті мәдени жадысы: символдық формаларды кодтау арқылы аймақты сакрализациялау


Қаралымдар: 72 / PDF жүктеулері: 65

Авторлар

  • Фарида Мусатаева Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2024-146-1-248-268

Кілт сөздер:

Ұлытау; мәдени жады; тарихи жады; ұжымдық жады; ландшафттық зерттеулер; жергілікті мекенді сакрализациялау; мәдени ландшафт; жергілікті мекенді символизациялау

Аңдатпа

 Естеліктің заманауи зерттеулерінде мәдени және тарихи жады ажыратылып қаратырылады. Мәдени жады оқиғаға қатысқан тасымалдаушылар арқылы қалыптасады және ұрпақтар құндылықтарына сүйене отырып, тұрақты өзгеру қабілетіне ие. Тарихи жады - бұл билік бақылайтын ақпараттық орта арқылы жинақталған өткен оқиғалар туралы білім мен түсініктердің жиынтығы.

Аталған теориялық негіздерді Қазақстандағы ұлт құрылысы процестерін талдауға қолдана отырып, зерттеу жұмысында қасиетті естелік орындарын немесе ерекше ғибадат орындарын құрылымдау тәжірибесіне назар аударылады. Ұлытау топонимі жаңа әкімшілік құрылым атауына берілгенін ескере отырып, бұл өңірде мәдени ландшафт туралы білімді қайта жандандыру қалай жүргізілетіні қызығушылық тудырады. Шынында да, кеңестік кезең аралығында көптеген білім Қазақстандағы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың шетіне қойылды деп айтуға болады. Ал белгілі бір кезеңнен бастап Ұлытау ерекше тарихи орталық ретінде қалыптаса бастады - бұл мәдени жадының маңызды мәні. Сондықтан, зерттеу Ұлытауды тарихи жадыны қалпына келтірудің әлеуетті жаңғырту тұжырымдамасына айналдыру жөніндегі дискурстарды зерттеуге негізделетін болады.

Мақала «Мәдени ландшафт: зерттеу мәселелері» тақырыбындағы диссертациялық зерттеу аясында жазылған.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мусатаева F. (2024). Ұлытаудың жергілікті мәдени жадысы: символдық формаларды кодтау арқылы аймақты сакрализациялау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 146(1), 248–268. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2024-146-1-248-268

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ