Батыс Алаш және оның қазақ мемлекеттігі идеясы жолындағы рөлі.


Қаралымдар: 99 / PDF жүктеулері: 64

Авторлар

  • Туякбай З. Рысбеков М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті,
  • Салтанат Т. Рысбекова Батыс-Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті https://orcid.org/0000-0002-5307-309X
  • Баян Г. Шинтимирова Батыс-Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті https://orcid.org/0000-0001-6131-3113

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-138-1-72-92

Кілт сөздер:

Батыс Алаш; Жаханша Досмұхамедов; Алаш автономиясы; Ойыл уәлаяты үкіметі; қуғын сүргін жылдары.
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі таңдағы дамуы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жағдайына, пандемия және басқада қиыншылықтарға қарамастан тарихымыздың әлі де болса шынайы ашылмай, зерттелмей жатқан беттерін саралау мәселесіне ғалымдар ерекше мән беруде. Солардың ішінде ерекше орын алатындары: «Қазақстандағы  20-30 жылдардағы ашаршылық» және «Алаш Орда тарихы» болып табылады. Қоғамдық ғылымдардың алдына қойылған жаңа талаптарға байланысты, бұрын жабық болып келген архив құжаттарына қолжетімділіктің көбеюіне байланысты тарихшылар қауымы Қазақстан тарихындағы  «ақ таңдақтарды» жоюға айтарлықтай үлес қосуда. Соңғы жылдары республика творчестволық жұртшылығының жасаған шараларының нәтижесінде Қазақстанға Сталиндік жеке басқа табыну кезеңінде негізсіз жазаланған көптеген қоғамдық саяси және мәдениет қайраткерлерінің есімдері қайтарылды. Қазақ даласындағы әділет, теңдік және ұлттық мемлекеттілікті көксеген ХХ ғасырдың басындағы ұлттық қозғалыс көшбасшылары - Алаш Орда көсемдері. «Алаш» қозғалысының басты мақсаттары: ұлтты сақтап қалу, тұтастығын қамтамасыз ету, оның таптар мен топтарға бөлінуіне жол бермеу; қазақ мемлекеттілігін қайта өркендету; қазақ шаруаларының тартып алынған жерлерін қайтару; Қазақстан территориясында тұратындардың барлығының толық теңдігін орнату; ұлттық әскери жасақ құру және т.б. Өткен тарихымыздың ақтаңдақтарын толық және шынайы тұрғыдан қалпына келтіру-бүгінгі таңдағы тарих ғылымының негізгі міндеттерінің бірі. Оның ішінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ұлттық қозғалыстардың тарихы елеулі орын алады. Бұл ең алдымен Қазақстандағы алаш қозғалысына тікелей қатынасы бар. Мақалада авторлар Алаш Орда  өкіметінің құрамдас бөлігі болып табылатын Батыс Алаш және оның көсемдерінің бірі Жаханша Досмұхамедовтың осы мақсаттарды іске асыру жолындағы табанды еңбегін баяндайды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-31

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР