Шұбарат және Молалы ескерткіштеріндегі Жетісудың көне және ортағасырлық мәдениеттері хақындағы кешенді пәнаралық зерттеулердің нәтижелері


Қаралымдар: 56 / PDF жүктеулері: 17

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2024-146-1-87-115

Кілт сөздер:

пәнаралық зерттеулер; Шұбарат және Молалы; археология; этноархеология; Жетісу мәдениеті
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Мақалада ғылыми тұрғыда азын-аулақ зерттелген аймақта, нақты айтсақ Алматы облысы, Қарасай ауданы Шамалған ауылының маңында орналас-қан Жетісудің көрнекті ескерткіштерінің бірі – Шұбарат және Молалы қорымдарында жүргізілген кешенді пәнаралық зерттеулердің барысы және нәтижелері баяндалуда. Аталмыш ауылдық аумақта жүргізілген барлау-іздестіру жұмыстарынан, ескерткіштердің кең санатында жасалған қазба жұмыстарынан және тарихи-мәдени ескерткіштерді – археологиялық және этноархеологиялық нысандарды тұрғындардың немесе тонаушыларды біліп немесе білмей істеудегі кері әрекеттерінен сақтауға және құтқаруға бағытталған қорғау-насихаттау іс-шаралардан тұратын маңызды жұмыстар тыңғылықты сипатталуда. Барлау-іздестіру жұмыстарының барысында жаңа археологиялық және этноархеологиялық нысандар табылып, құжатталған болатын. Аталған қорымдардың шегінде сақ-үйсін дәуірінің жерлеу-аза тұту ескерткіштерінде, сондай-ақ этнографиялық заманының қазақ қыстауларында қазба жұмыстары жүзеге асырылған. Қорғау-насихаттау іс-шаралары кезінде жүргізілген бірқатар кешенді жұмыстар баға жетпес тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтауға оң әсер етті десе болады. Ең бастысы жүзеге асырылған кешенді жұмыстардың нәтижелері баяндалып, зерттелген барлық ескерткіштердің мерзімі айтылуда.

Downloads

Download data is not yet available.

Әдебиеттер тізімі

Ageeva E.I. Kurgannye mogil'niki rannih kochevnikov severo-vostochnoj chasti Alma-Atinskoj oblasti // Izvestija AN KazSSR. Serija istorii, arheologii i jetnografii. 1959. Vyp. 3. 80–85 pp. [in Russian].

Ageeva E.I. K voprosu o tipah drevnih pogrebenij Alma-Atinskoj oblasti // Novye materialy po arheologii i jetnografii Kazahstana. Trudy IIAJe. T.12. Alma-Ata, 1961, 21-40 pp. [in Russian].

Kariyev Ye.M., Besetaev B.B. Monitoring sostojanija arheologicheskih pamjatnikov Shubarat i Molaly v 2021 godu // Materialy mezhdunarodnoj arheologicheskoj nauchno-prakticheskoj konferencii «Margulanovskie chtenija-2022» / otv. red. T.B. Mamirov (12-13 aprelja 2022 g.). Almaty: Institut arheologii im. A.H. Margulana, 2022. 246-254 pp. [in Russian].

Nurmuhanbetov B.N., Trifonov Ju.I. Novye pamjatniki sakskogo vremeni bliz g. Alma-Aty // Problemy arheologii skifo-sibirskogo mira. Kemerovo: Izd-vo KemGU, 1989. Ch. 1. 57–61 pp. [in Russian].

Nurmuhanbetov B.N., Trifonov Ju.I. Kurgannye mogil'niki Shubarat i Molaly (kratkaja harakteristika i kul'turno-hronologicheskij analiz) // Saki i savromaty Kazahskih stepej: kontakt kul'tur. Almaty: IA im. A.H. Margulana, 2016. 10–19 pp. [in Russian].

Nurmuhanbetov B.N., Tulegenov T.Zh., Ivanov S.S. Kollekcija predmetov vooruzhenija sakskogo vremeni iz mogil'nikov Molaly i Shubarat // Teorija i praktika arheologicheskih issledovanij. Barnaul: Izd-vo AltGU, 2019. № 1 (25). 99-108 pp. [in Russian].

Trifonov Ju.I. K voprosu ob arheologicheskih kriterijah social'noj stratifikacii vostochnosemirechenskih sakov (po materialam mogil'nika Molaly I) // Problemy arheologii skifo-sibirskogo mira. Kemerovo: Iz-vo KemGU, 1989. Ch. 1. 45-49 pp. [in Russian].

Tulegenov T.Zh., Chekin A.G., Sultanijarova A.Zh. Atribucija i kul'turnaja interpretacija kollekcii keramiki sakskoj jepohi iz fondov gosudarstvennogo istoriko-kul'turnogo zapovednika-muzeja «Issyk» // Vestnik KazNU im. al'-Farabi. Almaty: Қazaқ universitetі, 2019. № 43 (95). 31-38 pp. [in Russian].

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР