Ортағасырлық Қастек қаласы керамикасының зерттелу тарихы
Қаралымдар: 91 / PDF жүктеулері: 133
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-138-1-109-125Кілт сөздер:
Орта ғасыр; Қастек; археология; керамика; қазба; сауда; қолөнер; оғыздар; қарлұқтар; Нұржанов.Аңдатпа
Мақалада Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қастек ауылынан 2,5 км оңтүстікке Суық төбе тауының етегінде орналасқан ортағасырлық Қастек қаласына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының кезеңдері мен табылған қыш бұйымдардың зерттелу тарихы қарастырылып, ғылыми айналымға енгізіледі. Ортағасырлық қала аумағына қазба жұмыстары кешенді түрде 2011 жылдан бастап 2020 жылға дейін жүргізілді. Жыл сайын жүргізілген қазба жұмыстары барысында көптеген қыш бұйымдардың түрлері табылып, сол арқылы ортағасырлық қаланың қыр-сыры ашылды. Қыш бұйымдар ортағасырлық қалалар мен қоныстардың мәдени қабатын мерзімдеудегі басты дерек болып табылады. Сонымен қатар, қыш бұйымдар жасау өндірісі мен оның өнімі қолөнер кәсібінің жоғары шеберлігін анықтайды. Табылған қыш бұйымдар 2 кезең бойынша: VII–Х ғасырдың басы; X–XIII ғасырдың басы болып анықталады. Қыш бұйымдарды дайындауда жергілікті шикізат – табиғи қоспалар (саз, дала шпаттары, кварц) қолданылған. Ортағасырлық Қастек қаласынан табылған қыш бұйымдар жиынтығы өте жақсы сақталғандықтан, оларды топтауға, пайдалану ерекшеліктеріне байланысты жіктеуге, түрлері мен пішіндерге бөлуге мүмкіндік береді. Жинақталған қыш бұйымдар тобын зерттеуде салыстармалы-талдау әдісін қолдану зерттеу мақаласының мақсатына жетуге мүмкіндік береді. Жалпы ортағасырлық Қастек қаласының керамикасына байланысты кешенді зерттеу жұмысын жүргізген археолог А.А. Нұржанов болып табылады. Зерттеу жұмыстарының жүргізілгеніне 10 жылдан астам уақыт болса да қаладан табылған керамикаларға байланысты көптеген ғылыми мақалалар жарық көрді. Осы ғылыми мақалалардағы керамикаларға қатысты мәліметтер аталған зерттеу мақаласына арқау болып, оның зерттелу деңгейі мен сипаттық жағдайы талқыланып отыр. Қыш бұйымдар қалаларды зерттеудегі көптеген сұрақтарға жауап беретін бірден бір дереккөз болып табылады. Сол себепті, қыш бұйымдарды зерттеу өте маңызды және өзекті мәселе болып қала бермек. Ортағасырлық Қастек қаласына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының барысы, табылған қыш бұйымдардың түрлері мен суреті оқырмандарға ұсынылып отыр.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2022 Абылай К. Толегенов, Сакен З. Раздыков.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.