Қырым татарлары: депортация және халықтың Қазақстандағы тағдыры


Қаралымдар: 54 / PDF жүктеулері: 136

Авторлар

  • Фаузия З. Ражепаева Шығыс Қазақстан университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-137-4-92-106

Кілт сөздер:

Қырым татарлары; депортация; Қазақстан; арнайы қоныс аударушылар; Қырым татарларының тағдыры; Қазақстандағы Қырым татарларының саны.

Аңдатпа

Мақала бүгінгі таңдағы өзекті және жеткіліксіз зерттелген мәселе: Ұлы Отан соғысы кезінде Қырым татарларының Қазақстанға жер аударылуы тақырыбына арналған. Автор жекелеген этностарды Қазақстан аумағына күштеп қоныстандыру туралы әдебиеттерге тарихнамалық шолу жасап, қазіргі таңда, тоталитарлық мемлекет басшылығының нұсқауы бойынша Қазақстан жеріне аяқ басқан қырым татарларына толықтай арналған еңбектердің жоқтығын атап өтеді. Осыған орай, мақаланың мақсаты депортация үрдісі мен қырым татарларының соғыс кезінде және соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстан жерінде арнайы қоныстарда өмір сүру жағдайын ашу болып табылады. Автор Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты, Қарағанды ​​облысының мемлекеттік мұрағаты мен Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатының әр түрлі жинақтарда жарияланған материалдарын ғылыми айналымға енгізді. Мақалада қырым-татар этносының Шығысқа қоныс аудару себептері талқыланып, жекелеген адамдардың опасыздығы мен қашқындығы үшін бүтіндей бір халықты айыптағандығы, ел басшылығы өзінің оңтүстік шекараларының қауіпсіздігі үшін екі күн ішінде қарттар, әйелдер мен балаларды жүк вагондарына тиеп, шығысқа жөнелту операциясын жүргізгендігі көрсетіледі. Қырым татарларының бір бөлігі Қазақстанға жөнелтілді. Автор құжаттар мен мұрағат материалдарына сүйене отырып, «қырымдықтардың» Қазақстан жерлеріне қоныстануын, олардың арнайы қоныстарда өмір сүруі, құқықтары мен бостандықтарының жоқтығын, депортацияланған Қырым татарларының балаларына тек Қазақ КСР экономикасының дамуы үшін қажетті, техникалық мамандықтарды меңгеру мүмкіндігі болғандығын қарастырады. «Қырымдықтардың» саны, олардың ана тілін білу жағдайын куәландырушы 1970 және 1999 жылдардағы халық санағының мәліметтерін, автор мақалада динамикада және салыстыра отырып көрсетеді. Қорытындылай келе, автор бүтіндей бір халық тағдырының барлық қиындықтарына қарамастан, Қырым татарлары бейімделіп, басқа этникалық топтардың өкілдерімен бірге Қазақстанның дамуы үшін жасампаз еңбекке белсенді араласа алды деген тұжырымға келеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ражепаева, Ф. З. (2021). Қырым татарлары: депортация және халықтың Қазақстандағы тағдыры. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 137(4), 92–106. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-137-4-92-106

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР