Авторлық және жариялауға қосқан үлесі

АВТОРЛЫҚ: өзі жүзеге асыратын жұмыс кезеңдері, ғылыми мақаланың тұжырымдамасы, анықталған мұрағаттық немесе басқа материалдарды, оның ішінде статистикалық деректерді алдын ала жинау, талдау, түсіндіру үшін жауапкершілікті өзіне алады. Рецензенттердің сын пікірлерін ескере отырып, мақаланы аяқтау кезеңіне дейін зияткерлік мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Басылымға қабылданған соңғы нұсқаны авторлық бекіту және оның мазмұнына жауапкершілік.

БІРЛЕСКЕН АВТОРЛЫҚ: мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін болжайды. Біздің журнал барлық авторлардан мақалаға тең үлес қосуын, оның мазмұны үшін бірдей жауапкершілікте болуын талап етеді.

Корреспондент автор мақаланы беру алгоритмінің барлық кезеңдерінде журналмен байланыс жасауды, мақаланың журналдың рәсімдеу талаптары мен ережелеріне сәйкестігі үшін, рецензенттердің ескертулеріне сәйкес жұмысты ұйымдастыру және мақаланың түзетілген нұсқасын ұсыну үшін жауапкершілікті өз мойнына алады.

Авторлар ұжымында өзара мүдделер қақтығысы болмауы тиіс, егер болған жағдайда, авторлар бұл туралы журналға хабарлауы керек. Авторлық ұжымның әрбір мүшесі авторлық құқық талаптарына сәйкес келуі керек. Авторлық ұжыммен жұмыс жасауда журнал жарияланымдар этикасы Комитетінің (COPE) нұсқауларына сүйенеді – мұнда, мұнда.

ҮЛЕС: авторлар тобының тізімі мақаланың басында көрсетіледі және метадеректер үш тілде қайталанады. Мақаланың соңғы бөлігінде мақаланың тұжырымдамалық идея авторын көрсете отырып, ұсынылған ғылыми еңбектің мазмұнына әр автордың қосқан үлесі анық көрсетілуі тиіс. Мәселенің тарихнамасын және дереккөздерді талдауға, мақаланы көрнекі түрде рәсімдеуге (фотосурет, графика, диаграмма, кесте және т.б.),  мақаланы жазу және түзету, оны журнал талаптарына сай дайындау, журналмен коммуникативті байланыстар орнату және т.б. жұмыстар үшін жауапты авторлар еңбегі көрсетілуі керек.

АВТОРЛЫҚТЫ НЕМЕСЕ ҰЖЫМДЫҚ АВТОРЛЫҚТЫ ӨЗГЕРТУ

Автордың және/немесе авторлардың құрамы туралы бастапқы ұсынылған нұсқасына кез - келген өзгерту барлық авторлардың келісімімен жүзеге асырылуы қажет. Бұған авторлық құрам мүшелеріне жаңа автор қосу немесе алып тастау, қосқан үлестеріне байланысты авторларды белгілеу реттілігіне өзгерту енгізу жатады. Кез - келген өзгертулер редакторға түсіндірілуі керек. Редактор кез-келген автормен және/немесе авторлармен байланысып, олардың қандай да бір өзгертулерге келісімін анықтай алады.