Журнал туралы

Құрметті авторлар,

Сіздерді «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Тарих ғылымдары. Философия. Дінтану сериясы» журналының ребрендингі нәтижесінде «Тарих ғылымдары» бағыты жеке журнал ретінде бөлінгені туралы хабарлаймыз. Gumilyov Journal of History атауын алған бұл журнал Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде ресми тіркеуден өтіп, KZ41VPY00111229 тіркеу нөмірін 2025 жылғы 31 қаңтарда алды.

Gumilyov Journal of History Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетінің (ҚОҚСОН ҒЖБМ ҚР) журналдар тізіміндегі өз орнын сақтап қалды.

Барлық авторларды журналдың ресми сайтында тіркеліп, «Тарих ғылымдары» бағыты бойынша мақалаларын жіберуге шақырамыз.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы

Бас редакторы: тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Сыдықов Ерлан Батташұлы.

Мерзімді баспа басылымын қайта есепке қою туралы куәлік, ақпараттық агенттік және желілік басылым

Бұқаралық ақпарат құралын тіркеу туралы куәлік: №KZ11VPY00039795  07.09.2021 жылдан бастап

ISSN 2616-7255          ISSN (онлайн) 2663-2489

 DOI: https://doi.org/10.32523/2616-7255

Журнал ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Комитет ұсынған ғылыми басылымдардың тізіміне кіреді.

Шығу жиілігі: жылына 4 рет

Шығу тілі: қазақша, ағылшынша, орысша

Рецензиялау: Журналда қос соқыр рецензиялау рәсімі қолданылады 

Меншіктенуші және баспагері: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КЕАҚ, Астана қ., Қазақстан Республикасы

"Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы Тарих ғылымдары. Философия. Дінтану сериясы" журналы – әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың пәндік, пәнаралық және полидисциплинарлық бағыттары: тарих, археология, антропология, саясаттану, саяси тарих, философия, мәдениеттану, дінтану саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулердің барлық бағыттары бойынша бірегей ғылыми жұмыстарды жариялайтын рецензияланатын ашық қолжетімділік ғылыми журналы. Журналдың бренді-Әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулердің бірегей тақырыптық бағыттарын біріктіретін пәнаралық және салааралық синтез.