XVIIІ ғасырдың 50-60 жылдары Қазақ-Цин сауда қатынасында сауда жәрменкелерінің ашылуына қазақ хандығының ықпалы
Қаралымдар: 96 / PDF жүктеулері: 130
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-137-4-77-91Аңдатпа
ХVIII ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығы мен Цин патшалығы сауда қатынасындағы «жылқыға жібек саудасы» екі ел арасында мемлекеттік деңгейде
жасалған халықаралық сауда болып саналады. Аталған сауданың басталуы мен дамуы сауда жасаушы әріптес-тердің қажеттілігіне байланысты қалыптасып, дамыды. Қазақ хандығы билеушілері ел экономикасының негізі болған мал шаруашылығын онан әрі дамытып, сол арқылы мал өнімдерін сатып, халықтың күнделікті қажетін қанағаттандыруға қажетті базар мәселесін шешуді мақсат етті. Цин патшалығы болса енді ғана жаулап алған Жоңғариядағы билігін тұрақтандырудың қамына кірісті. Цин патшалығы бұрынғы Жоңғар хандығы аумағындағы өз билігін сақтап қалу үшін қорғаныс, тың игеру, шаруашылықты жандандыру міндеттері күн тәртібінде тұрды. Бұл төрт түлік малға, әсіресе жылқыға болған сұранысты тез арада шешуді талап етті. Осындай екі жақтылы қажеттіліктен қос тарап өзара тиімді сауда қатынасын дамытуды
жолға қойды. Аталған тақырып Отандық және шетелдік ғалымдар тарапынан зерттеу тауып келеді. Дегенмен тақырып төңірегінде қордаланған тарихи мәселелердің күңгірт тұстары әлі де көп. Тарихи деректердің толық жарияланбауы қалыптасқан жағдайдың туындауының ең басты себептерінің бірі. Біздің мақсат сондай әлі де болса күңгірт тұрған сауалдардың жауабын іздеу болып отыр. Осы зерттеудің нәтижелері – ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығы мен Цин патшалығы арасындағы сауда барысында бір қатар сауда жәрмен-кесі ашылды. Жәрменке алғашында Үрімжіде болса, кейін келе Құлжа, Шәуешек, Қобда қатарлы жерлерде
ұйымдастырылды. Аталмыш сауда жәрменкелердің ашылуы Қазақ хан, сұлтан, билері мен батыр қолбасшыларының құлшынысымен тіке қатысты болды. Сауда жарменкесінің ашылуы, сауда керуендерін жүргізу қатарлы келелі істерді қазақ хандары,
сұлтандары, билері мен батырлары кеңесіп шешті әрі өз елінің мемлекеттік мүддесін қорғауды қашанда бірінші орынға қойып отырды. Мақала аталған кезеңде қалыптасқан қытайдың тарихи деректерін пайдалана отырып, сауда кезінде Қазақ хандығы билеушілерінің сауданың қалыптасуы мен дамуында, соның ішінде сауда жәрменкелерінің ашылуы мен дамуында атқарған тарихи рөлін нақты деректер арқылы ашып көрсетуді
көздейді.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2021 Жанымхан Ошан, Ернұр Қ. Белгожа.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.