Күйс-Толғой (НТ1) брахми мәтінінің байырғы түрікше оқылымы
Қаралымдар: 87 / PDF жүктеулері: 131
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-136-3-105-132Кілт сөздер:
Күйс-Толғой; брахми шрифті; байырғы түрік тілі; Моңғол тілі; Нири (Нири) қаған; Төлес қанаты; шивэй; Керей; байырқу; буғра; транлитерация; транскрипция, і (і), ï (ы), у (й), h (q), ñ=ŋ (ң), j (ж).Аңдатпа
Орталық Азияның көшпелі халықтардың тіліне, тарихына байланысты тарихи құжаттар бұған дейін ж.с. VIII-XI ғғ- да жазылып, бүгінге жеткенеді. Олар: байырғы түрік бітіг жазулары (руника), соғд, манихей алфавитімен жазылған мәтіндер еді. 1974 жылы Орталық Монғолия жерінен алғаш рет ежелгі санскриттің брахми алфавитімен жазылған ұстын табылды. Ол ұстынның мәтіні 2017 жылға дейін құпиясы ашылмай 43 жылды артқа тастады. 2017 жылы санскриттанушы неміс ғалымы Дитер Мауе осы құпияның кілтін тауып тек қана транслитерациясын жариялады. О. Мауеннің транслитерациясын А.Вовин, Л. Хурцбатарлар пайдаланып көне моңғол тілді құжат деп көріп талпыныс жасады. Өкініштісі бұл талпыныс сәтті болмады. Осы мақаланың авторы брахми алфавитімен байырғы түрік тілінде жазылған мәтінді оқып, жаңғыртып, тарихи және лингвистикалық анализ жасап ұсынып отыр. Мәтін бұдан 1400 жыл бұрын жазылған. Алғашқы Көк Түрік қағанатына байланысты тарихи оқиғалардан ақпарат береді. Алғашқы Көк Түрік қағанаты батыс, шығыс болып бөлінген кезеңдегі Елбасшыларының тағдырына, өлеміне байланысты сенімді ақпарат қалдырған. Моңғол үстіртіндегі бәсекелес екі үлкен топ қыпшақтар мен оғуз группасының басты тайпаларының іс-қимылдарын сөз еткен. Онымен қатар тұтынған діні, палеоэтнографиясынан хабардар етеді.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2021 Қаржаубай Сартқожаұлы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.