«Шаджара-йи турк ва мугӯл» шығармасынан Алтын Орда тарихы бойынша үзінділер


Қаралымдар: 49 / PDF жүктеулері: 49

Авторлар

  • Жулдыз М. Тулибаева Сүлеймен Демирел атындағы университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-136-3-133-146

Кілт сөздер:

Алтын Орда; Шыңғыс хан ұрпақтары; деректану; арабографиялық дереккөздер; Абӯ ал-Гāзӣ-хāн; Шаджара-йи турк ва мугӯл
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Мақалада Абӯ ал-Гāзӣ-хāн Чӣнгӣзӣ Хвāразмӣ авторы болып табылатын «Шаджара-йи турк ва мугӯл» атты ғылыми еңбектің жетінші тарауында берілген Алтын Орда тарихына қатысты мәліметтер қарастырылып, оларға талдау жасалынады. «Шаджара-йи турк ва мугӯл» шығармасы ғалымдар мен оқырмандардың кең тобына жақсы таныс, өйткені қолжазбаның мәтіні мен оның аудармалары XVIII ғасырдың екінші ширегінен бастап Еуропа және Азия елдерінде, сондай-ақ Ресейде бірнеше рет жарияланған. Олардың ішінен тек 1874 және 1906 жылдарда жарық көрген П. И. Демезон мен Г. С. Саблуковтың француз және орыс тілдеріне аудармалары бүгінге дейін ғалымдар арасында белгілі бір дәрежеде сыни тұрғыдан пайдалануға қолайлы деп танылған. Алайда, осы екі басылымдарда жекелеген қателер мен дереккөз мәтінінің мағыналық бұрмалаушылықтары кездесетіндігін атап көрсету керек. Осыған орай, оқырмандар назарына ұсынылып отырған мақалада Абӯ ал-Гāзӣ-хāн шығармасының «Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы хан және оның ұрпақтарының Дешті Қыпшақта билік етулері туралы» деп аталатын жетінші тарауының өзі жүзеге асырған түсіндірмелі аудармасын автор ұсынады. «Шаджара-йи турк ва мугӯл» берілген мәліметтерді Рашӣд ал-Дӣн, Му‛ӣн ал-Дӣн Натанзӣ, Мирза Улӯгбек, Фасих Ахмад ал-Хавāфӣ шығармаларында берілген мәліметтермен салыстырмалы – сыни талдау жүргізу, авторлар сипаттаған тарихи оқиғаларды баяндауда ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік берді. Абӯ ал-Гāзӣ-хāн біздің заманымызға жетпей қалған дереккөздерді қолдана отырып, Алтын Орда билеушілерінің тарихын жекелеген деректермен толықтарған хиуалық туындыда басқа авторларда қамтылмаған мәліметтер кездеседі.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР