Қоғамдық ой тарихындағы еңбек концепті
Қаралымдар: 76 / PDF жүктеулері: 48
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-135-2-91-99Кілт сөздер:
еңбек; еңбек қатынастары; харекет; байлық; дәулет; рухани құндылық; еңбек этикасы; еңбек аксиологиясы; тауар; тауар-ақша қатынасы.Аңдатпа
Мақала еңбек құбылысын тарихи-философиялық тұрғыдан қарастырады және талданады. Мақалада адамның еңбек қызметінің рухани-адамгершілік негіздері, еңбек қатынастарының тарих барысындағы өзгерістері мен трансформациялары, экономикалық қызмет пен өндірісті ұйымдастырудағы өркениеттік және этноконфессиялық айырмашылықтар көрсетілген. Этикалық категория ретінде еңбекті талдау көрнекті ғалымдар мен ойшылдардың тұжырымдамаларына жүгіну негізінде жүзеге асырылады. Еңбек ежелгі және христиан дүниетанымы шеңберінде, еңбекті алғашқы күнә үшін жаза ретінде түсінуден бастап, адам өмірінің негізгі онтологиялық сипаттамасы және Құдайға қызмет ететін миссия ретінде бағалауға дейін түсіндірілген. Фома Аквинскийдің теологиялық ілімінде еңбек ұғымы жан-жақты талданған. Әрі қарай, капитализмнің қалыптасу жағдайында XVIII-XIX ғғ. тауар-ақша қатынастары қоғамында еңбектің әлеуметтік мәртебесінде түбегейлі өзгерістер байқалады. Осы тарихи жағдайларда еңбек тауарға айналады. Мақалада ұлттық философияларда еңбек мәселелерін түсіндіруге ерекше назар аударылған. Осы тұрғыдан ресейлік қоғамдық ойдың дамуында С.Н. Булгаковты ерекше атап өтуге болады. ХХ ғасырдың басында ол орыс кәсіпкерлігінің бастаулары мен қалыптасуының рухани факторларын талдай отырып, оны ескі сенімдегілердің діндарлығымен байланыстырады. Қазақ ойшылдары да еңбек ұғымына үлкен мән берген. Ұлы Абай еңбектің жеке тұлғаны қалыптастыру мен қоғамды дамытудағы рөлі мен маңызын атап өтіп, мұны өзінің әйгілі «Қара сөздерінде» көрсетті. Қазіргі жағдайда еңбек проблемалары қарастырылатын қазақ зерттеушілерінің еңбектерінің ішінде Омар Жәлелдің «Харекет» монографиясын атап өтуге болады, ол еңбек әлемін талдауда пайдаланылатын сөз қолдануындағы этимологиялық айырмашылықтарды талдайды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2021 Еркін Н. Аубакиров, Гүлнар А. Адаева .
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.