Қазақ көшпенділері: социализмге жол
Қаралымдар: 135 / PDF жүктеулері: 76
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-134-1-49-62Кілт сөздер:
ұжымдастыру; бейімделу; қоныс аудару; аштық, кеңестік; көшпенділер; микротарих.Аңдатпа
Мақалада ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғырту тарихының мәселелері қарастырылады. Автор пәнаралық тәсіл әдіснамасы негізінде күштеп ұжымдастыру үрдісінің жеке көріністерін және оның зардаптарын анықтады. Ұсынылып отырған зерттеудің өзектілігі қазақ ауылын кеңестендірудің жалпы қабылданған тарихи тұжырымдамасының тұғырнамасын әзірлеу қажеттілігі, осындай ауыр зардаптардың себептерін түсіну үшін оның аймақтық ерекшелігін айқындау болып табылады. Қазақ даласындағы ұласпалы күштеудің ұшы қазақ ауылының рулық байланыстарын жоюға, қазақ ауылының кеңестік сәйкестігін қалыптастыруға бағытталды. Социализмге жол қазақтардың әлеуметтік күнделікті өмірі мен дәстүрлі мәдениетінің құрылымдық элементтерін жойды. Қазақ халқының бейімделу үрдістері қолданылып жүрген өмір сүру стратегияларымен және конформды мінез-құлық тәжірибесімен ұштастырыла отырып, кеңестік қоғамдық тұрмыстың жаңа ережелерін негіздеді. Мақала мазмұнының негізіне мұрағат қорларының құжаттары мен материалдары бойынша қазақ көшпенділерінің бейімделу тәжірибесін талдау алынған. Автор қазақ ауылын әлеуметтік-экономикалық жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында халықтың өмір сүруі мен бейімделуінің күнделікті, жеке стратегиясын көрсетеді. Авторлық зерттеудің нәтижесі экономикалық мәжбүрлеу мен «бұрынғы» әлеуметтік қабаттың бұзылуының салдары болған екі мінез-құлық деңгейін, яғни қашу ‒ қоныс аудару және бейімделуін талдау болып табылды. Қазақ ауылдары колхозға рулық байланыстар жүйесін, дәстүрлі құндылықтар жүйесін енгізіп, бірегей «қазақша колхоздар» құрды. Кеңес өкіметінің төменгі аппаратына сайлау науқандары рулық шайқастардың орнына айналды. Билік социалистік құрылыстың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру үшін ішкі рулық және ру аралық қайшылықтарды белсенді пайдаланды. Алайда, рулық құрылымдардың мәртебелік дәрежеге жіктелуі сөз тасу, азғырушылық және ымыралы материалдарды қолдану сияқты әдепсіз мінез-құлықтарды тудырды. Құжаттарда тәркілеу, жер аудару және ажырасу нәтижесінде адамдардың тағдырын, отбасының күйреу қасіретін көрсететін көптеген микротарих сақталынды. Ауызша тарихтың берілген үзінділері қазақ ауылының шет елге көшу себептерін ашады. Қорытындыларды түйіндей келе, автор бір жағынан, рулық дәстүршілдік кеңестік негізде ынтымақтасуға тырысқанын, екінші жағынан, тікелей қақтығыстан қашуға тырысқанын атап өтті. Алайда, барлық бейімделу мінез-құлық деңгейлері көшпенділерді аштықтан құтқара алмады. Қазақтардың «Қиялдағы қоғамдастығы» тек рулық қайшылықтармен емес, жаңа кеңестік бірегейлікті, жаңа кеңестік қоғамды қалыптастыру үшін кеңес мемлекетінің саяси ерік-жігерімен жойылды. Социализмге барар жолда тарихи жады өзгерді, қазақ халқының рулық жадысы жойылды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2021 А.С. Жанбосинова
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.