Философия және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философтар


Қаралымдар: 54 / PDF жүктеулері: 38

Авторлар

  • А.Ч. Рамазанова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Д.Т. Толғамбаева Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-134-1-81-93

Кілт сөздер:

Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ, философия, мәдениеттану, студент, философия кафедрасы, білім беру бағдарламасы, жобалар.
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Мақаланың негізгі мазмұны – қоғамның әртүрлі салалары үшін мамандар даярлауда философия пәнінің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік беретін философия қызметтерін талдау. Сонымен қатар, авторлар студенттің тұлға ретінде қалыптасуындағы мәдениеттанудың рөлін; ғылым философиясы мен тарихының зерттеу дағдыларын дамыту үшін маңыздылығын, ғылым мен практикада өзіндік дүниетанымдық және әдіснамалық ұстанымның қалыптасуына тоқталады. Мақалада университеттегі философтар тақырыбы қозғалады, авторлар философия ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ж.М. Әбділдин және философия ғылымының докторы, профессор ҚР ҰҒА академигі, жазушы Ғарифолла Есімді ұсынады. Мақалада философия кафедрасының білім беру, ғылыми, қоғамдық-тәрбиелік қызметіне қатысты материалдар жинақталған. Бұл кафедраның өз қызметін Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ-нің Миссиясына сәйкес жүзеге асыруға деген ұмтылысын және даму бағытын ұстануды көрсетеді. Мақалада Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ-не 25-жыл толуына орай, оның негізі қаланғаннан бері қызмет атқарып келе жатқан кафедраның кейбір қорытындылары жасалды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ