Қазақстандағы кәсіпкерлік: қысқаша тарихы
Қаралымдар: 89 / PDF жүктеулері: 50
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-132-3-24-36Кілт сөздер:
Қазақстан тарихы; экономикалық тарих; кәсіпкерлік тарихы; орта және шағын кәсіпкерлік.Аңдатпа
Кәсіпкерлік – бұл шаруашылық жүргізудің белгілі бір әдісі және өзінше жұмыс жасауға негізделген экономикалық ой-сананың ерекше түрі. Кәсіпкерлік мемлекеттік меншікті жекешелендіруге бағытталған, нарықта бәсекелестікті тудырып, нарықтық экономиканы қалыптастыратын жүйе болып табылады. Кәсіпкерліктің даму тарихы бірнеше ғасырларды қамтиды және қазіргі замандағы түсініктің пайда болуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңімен байланысты. Кәсіпкерлік түсінігі XVIII ғасырда пайда болып, «меншік иесі» деген түсінік алды. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасу процесі тек экономикаға ғана емес, сонымен қатар, біздің қоғамымыздың саясатына, әлеуметтік қатынастарына, мәдениеті мен діліне үлкен әсер етеді. Осы тұрғыдан алғанда, тарих ғылымы өмірдің барлық салалары сияқты үнемі болып жатқан өзгерістерге жауап беруі керек. Олардың әсерінен қазіргі тарихнамада зерттеу тақырыбында айтарлықтай өзгеріс орын алуда, тарихи шығармаға қойылатын қазіргі заманғы әлеуметтік талаптар аясында материалды теориялық тұрғыдан түсіну әдістері зерттелуде. Мақалада статистикалық мәліметтерге, мұрағаттық деректерге және ғылыми ортада бұрын-соңды қолданылмаған кейбір мәліметтерге сүйене отырып, 2010-2020 жылдардағы Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің барысы талданып, даму тенденциялары анықталды.