Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы рухани мәселелелер


Қаралымдар: 87 / PDF жүктеулері: 53

Авторлар

  • А.К. Мамырбекова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-132-3-48-54

Кілт сөздер:

руханилық жаңғыру; гуманизм; мәдениет; адамгершілік; өзін-өзі жетілдіру; бақыт; үміт.

Аңдатпа

Мақалада қоғамдық сананы және мәдениетті рухани жаңғырту жағдайында қазіргі қазақстандық қоғамдағы руханияттың жай-күйі мен даму болашағы қарастырылады. Руханият халықтың әлеуметтік-мәдени кодының негізгі қағидаларының бірі ретінде тарихи өткеннен бастау алады. Қазіргі қоғамның рухани мәдениетін меңгеру және түсіну және болашаққа шынайы көзқараспен қарау үшін мәдени мұрадан мазмұнды әлеуметтік-мәдени рухани құндылықтарды игеру қажет. Абай мен Шәкәрімнің философиялық ізденістерінде руханилық адамгершілік ұғым ретінде қызмет етеді. Абай мен Шәкәрімнің адамгершілік ілімдерінің негізін қазақ халқының руханиаты құрайды, ол дәстүрде, әдет-ғұрыпта, ауызша халық шығармашылығында және Ұлы Дала ойшылдарының шығармаларында сақталған. Мақалада руханилық бұл шынайы адамгершілікті анықтайтын өлшем, адам болмысының мәндік дәрежесінің көрсеткіші екендігі баса айтылған. Абай мен Шәкәрімнің шығармашылық ізденістеріндегі адамның бүкіл өмірі бұл тұлғаның дүниеге келуі, оның ішкі рухани әлемі мен өзін-өзі жетілдіру процесінен тұрады. Өткен ойшылдардың рухани, адамгершілік тәжірибесіне қосыла отырып, адамның рухани өзін-өзі анықтауы қазіргі әлемнің әлеуметтік-мәдени кеңістігінде жүзеге асырылады. Абай мен Шәкәрімнің шығармашылық ізденістерінің рухани әлеуеті Қазақстанда болып жатқан жаңғырту үдерістерінің қазіргі кезеңінде өзекті және сұранысқа ие.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мамырбекова , А. . (2020). Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы рухани мәселелелер . Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 132(3), 48–54. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-132-3-48-54

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ