Қазақстандық бірегейліктің қайнар көздері және қоғамдық сананы жаңғырту


Қаралымдар: 61 / PDF жүктеулері: 33

Авторлар

  • А.А. Башмаков Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Х.Б. Маслов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ж.З. Тулеубаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-133-4-63-70

Кілт сөздер:

сәйкестік, Рухани жаңғыру, патриотизм, тарихи жады, ұлттық дәстүрлер, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік.
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Көпұлтты Қазақстанның тәуелсіз және бәсекеге қабілетті мемлекет болып қалыптасуы мен дамуындағы маңызды басымдықтардың бірі жас мемлекеттегі этносаралық келісім мен тұрақтылық идеясын ілгерілету бағыты болды. Сондықтан Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап қазақстандық мемлекеттілікті нығайтатын басты құндылық ретінде елдің бірлігі мен қоғамдық келісімді мемлекеттік саясаттың бұлжымас қағидасына айналдырды. Қазақстан Орталық Азия аймағында және әлемдік кеңістікте этносаралық қатынастар саласындағы жетістіктерімен татулық пен тұрақтылықтың бірегей үлгісі ретінде көптеген шет елдердің қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, ғалымдарының назарын аударды. Бұған Нұрсұлтан Назарбаевтың моделі деп аталатын этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісіне назар аударатын көптеген танымал шетелдік қайраткерлердің түрлі мақалалары мен еңбектері дәлел бола алады. Бұл мақалада авторлар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың этносаралық келісім мен азаматтық бірліктің қазақстандық үлгісінің әдіснамалық негіздерінің артықшылықтарын ашып көрсетуге тырысты және де «бірегейлік» түсінігінің өзіндік анықтамасын береді. Авторлар Қазақстан халқы Ассамблеясы – қазақстандық патриотизмді жастардың бойында тәрбиелеудегі ең маңызды мекеме ретінде ерекше рөл атқаратынын атап өтеді: «Қазақстанның мәдени әртүрлілікті сақтау үшін жасаған өркениетті таңдауы – терең ойластырылған мәселе болды», – деп түйіндейді. Олар «сәйкестік» пен «өркениет» ұғымдары мен тұжырымдамасы арасында ерекше ұқсастық бар екендігіне көңіл аудартады. Бұл мақаланың тағы бір артықшылығы – Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының рөлі туралы авторлардың берген терең түйін-мәлімдемесі. Бүгінде, Елбасының айтуынша, қазақстандықтар санасының жаңғыруы мен заманауи әлемдік көзқарас қалыптастыру – ең маңызды міндет болып табылады. Елбасының бұл тапсырмасын орындамай экономикалық реформаларды, саяси жаңғыртуды жүзеге асыру және ең бастысы қазақстандық бірегейлік негіздерін қалыптатыру мүмкін емес.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ