Исламға дейінгі «Соғыс» ұғымы және оның қазіргі таңдағы жиһадпен байланысы
Қаралымдар: 71 / PDF жүктеулері: 74
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-133-4-33-41Кілт сөздер:
жиһад; ислам; дін; соғыс; экстремизм; нәпсі; шейіт; империя.Аңдатпа
Мақалада исламға дейінгі соғыс ұғымы және оның басты себептері жинақталып, бүгінгі таңда әлемде күрделі қиыншылық тудырып отырған діни ұғымдардың бірі – жиһад талданады. Жиһад ұғымын талдау барысында оның жүйелі, шариғат шеңберінен шықпайтын қағидаларға бағынатын күрес екені көрсетіліп, соғыс ұғымы – ақылсыздықтан туындаған дұшпандық әрекет екендігі зерделенді. Ислам ғалымдарының «жиһад» тұрғысындағы дұрыс түсінігі мен экстремистік ағымдар арасындағы қате түсінікке салыстыру жасалды. Исламдағы жиһад ұғымының негізгі мақсаты – тура жолға салу және сол жолға апартын құрал екендігі баяндалады. Жихад ұғымының экстремизіммен шатасу себептері және айырмашылықтары анықталып, көпшілік арасында қалыптасқан қате түсінік соғысқа желеу бола алмайтындығы баяндалады. Оған қоса, «жиһад» ұғымы заманнан заманға, мекеннен мекенге, жағдайдан жағдайға, қоғамнан қоғамға, адамнан адамға қарай өзгеріп отырады. Жеке адамдар мен кейбір топтардың және ұйымдардың өз бетінше жиһад жариялауға құқықсыз екендігі түсіндірліп, қазіргі таңда кейбір лаңкес керітартпа топтардың жасап жатқан әрекеттерін бүкіл ислам ғалымдары ислам дінімен мүлдем үйлеспейтініне бірауздан келісетіндігі айқындалды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2022 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.