Исламға дейінгі «Соғыс» ұғымы және оның қазіргі таңдағы жиһадпен байланысы


Қаралымдар: 38 / PDF жүктеулері: 53

Авторлар

  • Т. Амангелди «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті
  • Ж.С. Сандыбаев «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-133-4-33-41

Кілт сөздер:

жиһад; ислам; дін; соғыс; экстремизм; нәпсі; шейіт; империя.
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Мақалада исламға дейінгі соғыс ұғымы және оның басты себептері жинақталып, бүгінгі таңда әлемде күрделі қиыншылық тудырып отырған діни ұғымдардың бірі – жиһад талданады. Жиһад ұғымын талдау барысында оның жүйелі, шариғат шеңберінен шықпайтын қағидаларға бағынатын күрес екені көрсетіліп, соғыс ұғымы – ақылсыздықтан туындаған дұшпандық әрекет екендігі зерделенді. Ислам ғалымдарының «жиһад» тұрғысындағы дұрыс түсінігі мен экстремистік ағымдар арасындағы қате түсінікке салыстыру жасалды. Исламдағы жиһад ұғымының негізгі мақсаты – тура жолға салу және сол жолға апартын құрал екендігі баяндалады. Жихад ұғымының экстремизіммен шатасу себептері және айырмашылықтары анықталып, көпшілік арасында қалыптасқан қате түсінік соғысқа желеу бола алмайтындығы баяндалады. Оған қоса, «жиһад» ұғымы заманнан заманға, мекеннен мекенге, жағдайдан жағдайға, қоғамнан қоғамға, адамнан адамға қарай өзгеріп отырады. Жеке адамдар мен кейбір топтардың және ұйымдардың өз бетінше жиһад жариялауға құқықсыз екендігі түсіндірліп, қазіргі таңда кейбір лаңкес керітартпа топтардың жасап жатқан әрекеттерін бүкіл ислам ғалымдары ислам дінімен мүлдем үйлеспейтініне бірауздан келісетіндігі айқындалды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-30

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР