Қазақтардың Францияға еңбек көші-қоны
Қаралымдар: 70 / PDF жүктеулері: 39
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-133-4-77-86Кілт сөздер:
көші-қон; еңбек көші-қон; қазақтар; Франция; демография; диаспора;Аңдатпа
Мақалада қазақ диаспорасының еңбек көші-қонының жай-күйі, сондай-ақ дамыған капиталистік елдердегі қазақтардың экономикалық бейімделу жағдайларының мүмкіндіктерін зерделеу қарастырылады. Зерттеудің мақсаты қазақтардың Францияға еңбек көші-қонының себептерін анықтау. Қойылған мақсатқа сүйене отырып, зерттеуде Францияда тұратын қазақтардың тарихы мен қазіргі жағдайын зерделеуге, 1945-1980 жылдардағы иммиграциялық жұмысшылар мен қызметкерлерге қатысты Франция үкіметінің саясатын талдауға; қазақтардың Францияға еңбек көшіп келу себептерін зерттеуге бағытталған келесі міндеттер шешіледі. Батыс Еуропа мұнда, ең алдымен континенттің аз дамыған елдерінен, сондай-ақ Түркиядан келетін шетелдік жұмысшыларды тарту орталығына айналды. Соңғы он жылда Батыс Еуропадағы жұмысшылардың мемлекетаралық көші-қоны бұрын соңды болмаған мөлшерге дейін өсті. Жыл сайын бір миллионнан астам жұмысшы Еуропаның бір елдерінен басқа елдеріне жұмыс іздеуге жіберіледі. Себептер саяси және экономикалық дағдарыста, жұмыссыздық деңгейінің артуында болды, бұл Франциядағы қазақтар арасында мигранттар санының артуының салдары болды. Соғыстан кейінгі экономикалық жағдай соғыстан зардап шеккен экономиканы қалпына келтіруге жұмысшылардың сұранысын тудырды, бұл тарифтердің (жалақының) өсуіне әкелді. Ғалымдардың пікірінше, Францияның жұмыс нарығын басқа елдерден арзан шетелдік жұмыс күшімен белсенді толықтыру Францияның ыңғайлы орналасуымен түсіндіріледі.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2022 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.