Ғылыми қоғамдастықты этнология әдістерімен зерттеу: гендерлік тәсілдің маңыздылығы


Қаралымдар: 32 / PDF жүктеулері: 24

Авторлар

  • Н.Л. Пушкарева Ресей Ғылым академиясының Этнология және антропология институты

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-133-4-100-116

Кілт сөздер:

ғылым этнографиясы; этнометодология; гендерлік көзқарас; антропология; ғылыми қоғамдастық;

Аңдатпа

Мақалада этнографиялық білімнің әдіснамасы мен әдістерін әлеуметтану мен социопсихологияда қолданылуы қарастырылады. Автор кәсіби (соның ішінде, ғылыми) қауымдастықтарды зерттеудің негізін қалаған М. Вебер, Г. Зиммель, П. Сорокиннің және т.б. классикалық зерттеулеріне сілтеме жасайды. Ғылыми бағыттардың пәнаралық өзара әрекеттестігі күнделікті өмірге, адамның қоғамда күнделікті әрекеттерді орындауда қолданатын әдістерін анықтауға баса назар аударады, нәтижесінде этнометодологияның зерттеу векторы айқындалады. Автор зертхана жағдайында ғылыми қоғамдастықтың күнделікті тіршілігіне жүргізілген зерттеулерді, қосымша микроталдау мен түсіндіруді, ғылыми қоғамдастықты зерттеудің антропологиялық қырларын, кәсіптер этнографиясындағы гендерлік тәсілді талап ететін ғалымдардың көптеген іс-әрекеттерін тіркеп көрсетеді. Сонымен қатар, ғылым этнографының негізгі міндетін ғалымның күнделікті практикалық іс-әрекетін зерттеуде, "зертхана әлемін" жобалауда, ғылыми қоғамдастықтың әлеуметтік институционализациясында көреді. Ғылым этнографиясында белсенді әлеуметтік субъект ретінде ғылыми қызметкерге, ғылыми (академиялық, университеттік) қоғамдастықтардағы гендерлік теңсіздікке назар аударатын гендерлік аспектінің маңызы бар.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Пушкарева, Н. . (2020). Ғылыми қоғамдастықты этнология әдістерімен зерттеу: гендерлік тәсілдің маңыздылығы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 133(4), 100–116. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-133-4-100-116

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР