Оғыз таңбалары


Қаралымдар: 62 / PDF жүктеулері: 70

Авторлар

  • С.К. Самашев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-133-4-117-127

Кілт сөздер:

оғыз тайпалары; орта ғасырлар; таңба; белгі; таңбатану; түркі халықтары;

Аңдатпа

Тарихы VIII–XIII ғғ. қамтитын оғыздар қазіргі түркі халықтарының этникалық қалыптасуына зор ықпалын тигізген. Жиырма төрт рудан құралған оғыз тайпасы ортағасырлық Еуразия даласының түркілену үдерісіне себепші болған. Әзірше Жетісу, Сыр бойы және Батыс Қазақстаннан табылып отырған оғыз таңбаларының басқа да түркі халықтары қоныстанған жерлерден кездесуі осының дәлелі. Бүгінде оғыз таңбалары көптеген отандық және шетелдік зерттеушілердің назарында болғанымен, көбіне оның шежіретанушылық, мәдениеттанушылық қырлары талданып жатады. Негізінде таңбаларды толыққанды дерек ретінде қабылдайтын болса, олардың көмегімен оғыз тайпаларының таралу жағырафиясын нақтылау, саяси-экономикалық белсенділігін таразылау, түркі халықтарының өзара туыстық жақындықтарын анықтау сынды Қазақ даласының ортағасырлық тарихына қатысты бірқатар мәселерді шешуге болады. Мақалада оғыз таңбаларының түрлі деректерде келтірілген айырмашылықтары мен ұқсастықтары, түркі әлеміндегі параллельдігі және зерттелу деңгейі кеңірек қарастырылған. Алдын-ала зерттеу нәтижелері қазақ, түрік, әзірбайжан, түркімен, қырғыз, татар, ноғай, башқұрт халықтарының арасында (ескерткіштерінде) оғыздың руларының таңбалары күні бүгінге дейін сақталғанын көрсетіп отыр. Бұл аталған халықтар қоныстанған аймақтардың оғыз таңбаларының таралу уақыттарында белгілі бір дәрежеде түркі бірлігінде/түркі иелігінде болғанын байқатады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Самашев, С. . (2020). Оғыз таңбалары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 133(4), 117–127. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-133-4-117-127

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР