Чех Республикасы мен Қазақстандағы білімнің даму тарихы (1990-1999 жылдар): салыстырмалы тарихи талдау


Қаралымдар: 58 / PDF жүктеулері: 67

Авторлар

  • Я. Вацулик Масариков университеті
  • А. Сатанов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-131-2-22-35

Кілт сөздер:

білім беру тарихы, салыстырмалы-тарихи талдау, Чех республикасы, Қазақстан, постсоциалистік кезең.

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – Чех республикасы мен Қазақстандағы білім беру реформаларының постсоциалистік жағдайдағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарының заңдылықтарын зерттеу. Мақалада 90-жылдардағы Қазақстан мен Чехиядағы білім беру жүйесінің дамуына салыстырмалы тарихи талдау жүргізілді, бұл кезде екі ел социалистіктен капиталистік режимге өтті.  Екі елдің білім беру жүйелерін салыстыра талдау арқылы осы салалардың дамуына көптеген контексттік және құрылымдық факторлар мен тарихи алғышарттар ықпал еткені анықталды. Салыстырмалы талдау көрсеткендей, Чехия мен Қазақстанның 90-жылдардағы білім беру жүйесінде демократияландыру, гуманизация және саралау реформалардың негізгі қағидаттары ретінде қабылданды, бірақ бұл процестер әртүрлі деңгейлерде және бағыттарда дамыды. Нәтижесінде Чехия мен Қазақстан білім беру жүйесін постсоциалистік жағдайда демократияландыруға бағыт алғаны анықталды. Чехия білім беру саясатын іс жүзінде жүзеге асыруды әртүрлі ұйымдар мен лоббистік топтарға бере отырып, мектеп жүйесін орталықсыздандыруға және әртараптандыруға ұмтылғанына қарамастан, Қазақстан жоғарыдан төменге қарай орталықтандырылған жүйені сақтады, үкімет мемлекеттік аппараттың төменгі құрылымдарына әкімшілік, қаржылық, басқарушылық, атқарушы функцияларын шектеулі түрде берді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Вацулик, Я. ., & Сатанов, А. (2020). Чех Республикасы мен Қазақстандағы білімнің даму тарихы (1990-1999 жылдар): салыстырмалы тарихи талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 131(2), 22–35. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-131-2-22-35

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР