«Орбұлақ шайқасы»: аңыздар мен дәйектер


Қаралымдар: 362 / PDF жүктеулері: 477

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-141-4-22-36

Кілт сөздер:

Қазақ хандығы; Жоңғар хандығы; қалмақтар; тарихи дерек көздері; мұрағат құжаттары; Жәңгір хан; Эрдени-Батур хунтайджи; Орбұлақ.
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайына жаугершілігімен танылған, XVII ғасырда Орталық Азияда «Көшпелілердің соңғы империясын» (В.В. Бартольд) – Жоңғар хандығының негізін қалаған, моңғол тілдес қалмақ (ойрат) тайпалары орасан зор әсер етті. Мақалада қазіргі әдебиетте «Орбұлақ шайқасы» деген атпен белгілі қазақ-өзбек әскері мен Жоңғар хандығы әскері арасында 1643 жылы болған шайқасқа қатысты мәселелер қарастырылған. Зерттеу нәтижесінде автор ғылыми-көпшілік әдебиетте осы шайқасқа қатысты бірқатар мифтердің бар екеніне көз жеткізді. Тарихи материалдарға сүйенсек, осы жылы шағын жасақ басқарған қазақ билеушісі Жәңгір қазақ жеріне басып кірген Жоңғар хандығы әскеріне қарсы тұрып, олардың ары қарай жылжуын ерлікпен тоқтатқан. Кейіннен біріккен қазақ-өзбек әскерінің сан жағынан олардан бірнеше есе артық жоңғар әскерімен үлкен шайқасы болды. Бұл шайқаста қазақ ханы Жәңгір мен өзбек билеушілерінің басқарған түркі халықтарының біріккен әскері тамаша жеңіске жетті. Бірақ бұл оқиғалар қазіргі қазақ тарихнамасында жазылып жүргендей Жетісудағы Орбұлақ деген жерде болған жоқ. Ол «Силсилат ас-салатин» дерегінде көрсетілгендей Ташкент төңірегінде болған тәрізді. Бұл өзбек әскерінің қазақтарға көмекке тез жетуін түсіндіреді. Осы шайқасқа қазіргі қазақ тарихнамасында көрсетілетіндей Шапырашты Қарасай, Арғын Ағантай, Алшын Жиембет, Қаңлы Сарбұқ, Найман Көксерек, Дулат Жақсығұл, Суан Елтінді сынды қазақ батырларының қатысқаны да тарихи материалдармен дәлелденбейді. Бұл зерттеуге жарияланған XVII ғасырдағы орыс-монғол қатынастары тақырыбына қатысты жарияланған тарихи құжаттар, ортағасырлық мұсылман тарихшыларының еңбектеріндегі мәліметтер, арнайы зерттеу нәтижелері және т.б. негіз болды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-09

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР